#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Еуропада ірі марихуана плантациясы анықталды

Испанияның Толедо қаласында азаматтық гвардия офицерлері Еуропа тарихындағы ең ірі қарасора плантациясын анықтады.

Испанияның Толедо қаласында азаматтық гвардия офицерлері Еуропа тарихындағы ең ірі қарасора плантациясын анықтады, — деп хабарлайды ADYM.KZ  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Толедодағы Хуерта-де-Вальдекарабанос плантациясының аумағы 120 мың шаршы метр болады, ал бұл 16-дан астам футбол алаңына сай келуі мүмкін. Қарасора өнеркәсіптік мақсатта өсірілген.

Полиция 135 мың марихуана өсімдігін тәркілеген, бұл — Еуропадағы операция кезінде тәркіленген айтарлықтай ірі көлем. Олар жақын маңдағы қоймалардан 30 тонна кептірілген марихуана мен 3720 келі қарасора тапты. Мадридтің бас әуежайында полиция тағы 112 келі марихуана тәркіледі.

«Плантация орналасқан ферма 12 гектар аумақта жатыр және тәулік бойы бақылауда болды. Өндірісті ұлғайту үшін жақын жерде марихуана өсіруге арналған материал қойылған екі қойма бар. Сондай-ақ, жабық күзет жүйесі мен камералары бар кептіру алаңы болды»,- деді Испания азаматтық гвардиясының өкілі.

Шенеуніктер қарасораны заңсыз өсірді деген күдікпен үш адам ұсталғанын айтты. Тексеріс Испанияда есірткі заңсыз айналымының ауқымы туралы алаңдаушылық артып келе жатқанын атап өтті.

«Географиялық орналасуына байланысты Испания Мароккодан гашиш, Латын Америкасынан кокаин қабылдайды. Сонымен қатар, марихуананы ірі көлемде өндіреді», — деді азаматтық гвардия полициясы басшыларының бірі.

Соңғы жаңалықтар

Түркістанда жағажай маусымы ашылды

Жағажай маусымының ашылуында DJ Estrella музыкалық бағдарламасының сүйемелдеуімен Drop Entertainment, «Айла» дуэті, «Нұрсезім» триосы және «Шашу» би ансамблі өнер көрсетті. Сонымен қатар кештің арнайы қонақтары...

Шымкент: Жылыжай кешендерінен жылына 17 мың тонна өнім жиналады

Соңғы жылдары мемлекет тарапынан жылыжай шаруашылығына қолдау артып келеді. Инвестициялық субсидиялау бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіптік жылыжай шығынының 25 пайызы, тұқымдар мен тыңайтқыштарға жұмсалған қаржының теңге...

Түркістан: 5 жылда 13 жаңа мәдениет нысаны ашылды

Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістанға тарихи және рухани елорда мәртебесін беру тапсырмасы аясында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Жалпы Түркістан облысында соңғы 5 жылда 13...

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын өткізді

Жиынның алғашқы күні еліміздің әрбір аймағынан арнайы келген делегаттар ұлт келешегі үшін өзекті мәселелерді талқылады. Ал екінші күнгі негізгі жиында Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған қауым...

Түркістан: Түлкібастықтар туристерге ұлттық салт-дәстүрлерді таныстырды

Этноауылда киелі шаһарға келген туристерге түлкібастық өнерпаздар бесікке салу, құда түсу, қыз ұзату, беташар, тұсау кесу сынды әдет-ғұрпымызды таныстырды. Шараның алғашқы күні «Visit Turkistan» орталығы...

Д.Сатыбалды: Түркістан қаласына инвестиция тартуға басымдық беріледі

Көшпелі мәжілісте шаһардың өзекті мәселелері ортаға салынып, шешу жолдары талқыланды. Халықпен алғашқы жартыжылдықтағы кездесулерде көтерілген мәселелердің орындалу барысы сараланды. Өңір басшысы кемшіліктерге жеке-жеке тоқталып,...

Түркістаннан Солтүстікке көші-қонға ерекше назар аударылады

Бүгін Түркістан облысына «Отандастар қорының» Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі Әлфараби Мыңбай, ішкі көші-қон мәселесімен айналысатын «Tauekel» қоғамдық ұйымының төрағасы Бурахан Даханов, Ақжар ауданының...

Түркістан: Ерте пісетін голландиялық картоп жиналуда

Алғашқылардың бірі болып, Қабланбек ауылдық округінде орналасқан «Айдын» шаруақожалығы иелігіндегі 3,0 га егістік алқабындағы картопты жинап, гектарына 22,5 цн өнім алуда. Биылғы жылы ауданда 10,5...

Түркістан: 42 мыңнан астам өтінім қабылданған

Бұл жүйе арқылы қала тұрғындарының жергілікті атқарушы органдарға келу қажеттілігі мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мәселелерді жылдам шешу мақсат етілген. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан...