#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Ғалымдар депрессиямен күресуге арналған ми имплантын ойлап тапты

Америкалық ғалымдар депрессиямен күресуге көмектесетін құрылғы жасады.

Америкалық ғалымдар депрессиямен күресуге көмектесетін құрылғы жасады, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Сан-Францискодағы Калифорния университетінің мамандары ауыр депрессияны анықтау, емдеу үшін эпилепсияға қарсы имплантты сынақтан өткізді. Тәжірибе бір науқасқа жасалған, оның нәтижесі «өмір төңкерісі» деп аталған.

Ғалымдардың айтуынша, сіріңке қорапшасындай құрылғы электрлік сигналдармен ми белсенділігіне әсер етеді. Одан екі сым шығып, миға енгізіледі. Электродтар жүйке жүйесін қалыпқа келтіріп, депрессияға әкелетін сигналдарды тоқтатады.

Құрылғы депрессия диагнозы қойылған Сара есімді 36 жастағы науқасқа сәтті сыналған. Батарея мен импульстік генераторы бар кішкене қорап шаш астындағы сүйекке орналастырылған. Сара құрылғыны имплантациялау операциясынан кейін бірден эйфорияны сезінгенін айтқан.

«Имплант алғаш рет енгізілгеннен кейін менің өмірім қайтадан жағымды жаққа өзгерді. Бес жыл ішінде алғаш рет себепсіз, кенеттен күлдім», — деді ол. Әйел құрылғыны бір жылдан бері қолданып келеді, оның айтуынша, ол депрессияны жеңді.

Әр 30 минут сайын электродтар сигнал жібереді, құрылғыдағы батареялар 10 жылға жетуі керек. Сара ешқандай жанама әсер болмағанын айтты.

Зерттеуші Кэтрин Скангостың айтуынша, құрылғыны орнатпас бұрын, зерттеушілер Сарада депрессия кезінде белсенді болатын ми аймақтарының картасын жасаған. Бұл проблемалық аймақтарды анықтауға мүмкіндік берген.

Имплантты жасаған ғалымдар жеке зерттеуді қажет ететіндіктен және әр науқастың ми аймағының жеке карталарын жасау керек болғасын, құрылғының басқа науқастарға қаншалықты пайдалы болатынын айтуға әлі ерте екенін айтқан. Толық зерттеу үшін бірнеше жыл қажет екен, бірақ мамандар ұқсас құрылғыларды дамытуды жалғастыруға ниет білдіріп отыр.

Зерттеу нәтижелері Nature Medicine журналында жарияланды.

Соңғы жаңалықтар

Түркістанда жағажай маусымы ашылды

Жағажай маусымының ашылуында DJ Estrella музыкалық бағдарламасының сүйемелдеуімен Drop Entertainment, «Айла» дуэті, «Нұрсезім» триосы және «Шашу» би ансамблі өнер көрсетті. Сонымен қатар кештің арнайы қонақтары...

Шымкент: Жылыжай кешендерінен жылына 17 мың тонна өнім жиналады

Соңғы жылдары мемлекет тарапынан жылыжай шаруашылығына қолдау артып келеді. Инвестициялық субсидиялау бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіптік жылыжай шығынының 25 пайызы, тұқымдар мен тыңайтқыштарға жұмсалған қаржының теңге...

Түркістан: 5 жылда 13 жаңа мәдениет нысаны ашылды

Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістанға тарихи және рухани елорда мәртебесін беру тапсырмасы аясында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Жалпы Түркістан облысында соңғы 5 жылда 13...

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын өткізді

Жиынның алғашқы күні еліміздің әрбір аймағынан арнайы келген делегаттар ұлт келешегі үшін өзекті мәселелерді талқылады. Ал екінші күнгі негізгі жиында Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған қауым...

Түркістан: Түлкібастықтар туристерге ұлттық салт-дәстүрлерді таныстырды

Этноауылда киелі шаһарға келген туристерге түлкібастық өнерпаздар бесікке салу, құда түсу, қыз ұзату, беташар, тұсау кесу сынды әдет-ғұрпымызды таныстырды. Шараның алғашқы күні «Visit Turkistan» орталығы...

Д.Сатыбалды: Түркістан қаласына инвестиция тартуға басымдық беріледі

Көшпелі мәжілісте шаһардың өзекті мәселелері ортаға салынып, шешу жолдары талқыланды. Халықпен алғашқы жартыжылдықтағы кездесулерде көтерілген мәселелердің орындалу барысы сараланды. Өңір басшысы кемшіліктерге жеке-жеке тоқталып,...

Түркістаннан Солтүстікке көші-қонға ерекше назар аударылады

Бүгін Түркістан облысына «Отандастар қорының» Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі Әлфараби Мыңбай, ішкі көші-қон мәселесімен айналысатын «Tauekel» қоғамдық ұйымының төрағасы Бурахан Даханов, Ақжар ауданының...

Түркістан: Ерте пісетін голландиялық картоп жиналуда

Алғашқылардың бірі болып, Қабланбек ауылдық округінде орналасқан «Айдын» шаруақожалығы иелігіндегі 3,0 га егістік алқабындағы картопты жинап, гектарына 22,5 цн өнім алуда. Биылғы жылы ауданда 10,5...

Түркістан: 42 мыңнан астам өтінім қабылданған

Бұл жүйе арқылы қала тұрғындарының жергілікті атқарушы органдарға келу қажеттілігі мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мәселелерді жылдам шешу мақсат етілген. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан...