#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан: Арыста «Қолғабыс» қоры тегін үй тұрғыза бастады

Арыс қаласындағы «Қолғабыс» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен баспанаға мұқтаж екі отбасыға арнап салынатын үйдің іргетасы қаланды. Демеушілердің есебінен тұрғызылатын бұл үй баспанаға шын мұқтаж жандарға...

Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов жазасын өтеп шықты

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов жазасын өтеуге байланысты пробациялық есептен шығарылды. Бұл туралы ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп...

«СҚ-Фармацияның» ақталып шыққан экс-басшысы қайтадан қамауға алынды

Нұр-Сұлтан қалалық сотының апелляциялық алқасы "СҚ-Фармация" компаниясының бұрынғы төрағасы Берік Шәріптің ісін қарап, ақтау үкімінің күшін жойды. Бұл туралы елордалық сот хабарламасында айтылған, -...

Түркістан: Төлеби ауданының ханарық ауылы табиғи газға қосылды

Төлеби ауданы Тасарық ауылдық округі Ханарық елді мекеніне табиғи газ тартылды. Елді мекенде 247 үй, 2 мыңға жуық тұрғын бар. Бұған қоса, қазіргі кезде...

Шымкентте бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтуде

Шымкент қаласындағы «Арбат» алаңында жұмыссыз жастарға арналған «Мүмкіндіктер алаңы» атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтуде. Шараның ашылуына қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының...

АШМ кәсіпорнының басшылығы пара алды деген күдікке ілінді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Фитосанитария" ШЖҚ РМК басшыларының біріне қатысты істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды...

Тіл мамандары түркістан төрінде сайысқа түсті

Түркістанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен тілдерді оқыту орталықтары оқытушылары арасында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқауы өтуде. Байқауға еліміздің...

Түркістан: Арыста заманауи медициналық емдеу-сауықтыру кешені салынады

Арыс қаласына қарасты Саналы ауылында заманауи талапқа сай медициналық емдеу-сауықтыру кешені салынатын болды.

Арыс қаласына қарасты Саналы ауылында заманауи талапқа сай медициналық емдеу-сауықтыру кешені салынатын болды. Бұл туралы Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова мен «Verum» ЖШС компаниялар тобының басшысы мен «Ізгілік» және «Қолғабыс» қайырымдылық қорларының жетекшілерімен кездесу барысында мәлім болды. Тараптар ұлт саулығын сақтау мен осы бағытта қолға алынуы тиіс жоспар, жобалар туралы талқылады.
Мемлекет басшысының Жолдауында: «медицина саласына инвесторларды тартып, озық технология мен жаңа зерттеу жұмыстарын игеруді қолға алу керек» делінгені белгілі. Президенттің халыққа Жолдауын жүзеге асыру аясында Арыс қаласында жергілікті жерде медицина қызметінің жандануына үлес қосуға ниетті кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетілуде. Осы мәселеге қатысты Арыс әкімі қалалық жер бөлімі мен сәулет құрылыс бөлімінің жетекшілеріне тиісті деңгейде көмек көрсетуді тапсырды. Сондай-ақ, кәсіпкерлік бөлімнің жетекшісіне қажет болған жағдайда инвесторлардың несие алуына мүмкіндігінше қолдау білдіру керектігін айтты.
«Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында: «медицина саласына қомақты қаржы құю керек. Бұл қаражат инфрақұрылымға, маман даярлауға және халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жұмсалуы тиіс деп айтқаны белгілі. Жалпы, біздің клиникамызда осы аталған қызметтермен қатар азаматтарымызды емдеу-сауықтыру шараларымен қамтамасыз ететін боламыз», – деді «Verum» ЖШС компаниялар тобының бас директоры Әлішер Есмағамбетов.
Жаңа емдеу орталығының жалпы аумағы 1,5 мың шаршы метрді құрайды. Медициналық емдеу-сауықтыру кешенінде соңғы үлгідегі медициналық қондырғылар, компьютерлік томография қойылады.

Соңғы жаңалықтар

Антикор ШҚО көлік инспекциясындағы пара алу схемасын әшкереледі

Шығыс Қазақстан облысында жүк көлігінің жүргізушілерінен пара алған Көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің қылмыстық тобы әшкереленді. Күнделікті пара сомасы 150-ден 500 мың теңгеге дейін болды,...

Түркістан облысында мақтаның тоннасы 250 мың теңгеден қабылдануда

Түркістан облысының Мақтаарал, Жетісай аудандарында алғаш болып мақта терімі басталды. Шитті мақтаның бір тоннасы 250 мың теңгеден қабылдануда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 100 мың...

Өмірзақ Шөкеев: «Мақтааралдың» мақсаты биік

Өмірзақ Шөкеев «Мақтаарал» футбол командасының бапкерлері мен ойыншыларымен жүздесті. «Мақсаты биік «Мақтаарал» футбол клубының Премьер-лигаға шығуға бар мүмкіндігі бар»,— деген облыс басшысы теңбіл доп...

АШМ кәсіпорнының басшылығы пара алды деген күдікке ілінді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Фитосанитария" ШЖҚ РМК басшыларының біріне қатысты істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды...

Қазақстанда мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салынды

Қазақстанда мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салуды жарты жылға ұзарту жоспарланып отыр. Бұйрық жобасын Сауда және интеграция, Ұлттық экономика, сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері...

Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов жазасын өтеп шықты

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов жазасын өтеуге байланысты пробациялық есептен шығарылды. Бұл туралы ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп...

«Тұран» бір саты жоғарылады

Футболдан Қазақстан чемпионатының 21-тур ойындары өтті. "Түркістан-аренада" кезекті футбол бәсекесі ұйымдастырылды. Бұл кездесудің мәні бөлек. Себебі Түркістанның "Тұраны" өз алаңында Шымкенттің "Ордабасы" клубын қабылдады....

Түркістан облысында «Бұл – біздің таулар» фестивалі өтті

Түркістан Оқушылар сарайы мен «Turkistan Tourism Center» орталығы бірлесе «Бұл – біздің таулар» фестивалін ұйымдастырды. Шараның мақсаты – оқушыларға аймақтағы таулы өлкелерді таныстыру, табиғат...

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында 12 алтын медаль жеңіп алды

Шымкентте нысана көздеуден 14-ші Азия чемпионаты аяқталды. Құрлықтық чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан командасы 12 алтын жүлдеге ие болды. Отандық спортшылар 12 алтын, 12 күміс...