#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Депутаттар Президентке «Ұлт көсемі» атағын беруді ұсынды

Екі өзбек депутаты президент Шавкат Мирзияевқа «ұлт көсемі» құрметті атағын беруді ұсынды.

Екі өзбек депутаты президент Шавкат Мирзияевқа «ұлт көсемі» құрметті атағын беруді ұсынды, деп жазады ADYM.KZ Egemen.kz басылымана сілтеме жасап.

Өзбекстан сенатының мүшесі Кудратилла Рафиков 19 тамызда Мирзияевтің жасаған істерін ұлт алдында мадақтап, мақала жазды.

«Өзбектер, әсіресе жас ұрпақ, Президентке өте қатты сенеді, ал балалар Президентті тіпті мақтан тұтады»,  деп жазды ол.

Сонымен қатар осы жазбасында Президентке құрметті атақ беруді ұсынды.

«Мирзияевті «миллат сардори», яғни «ұлт көсемі» деп атауға әбден болады», деп түйіндеген сенатор.

Бірнеше күннен соң парламенттің тағы бір палатасының депутаты Акмаль Саидов та мақала жазып, онда Президентті «ұлт басшысы» деп атаған.

Ресми емес бұл атақты кейбір ақпарат құралдары қолданып жүр.

«Мирзияевтің бұған не дейтіні әзірге белгісіз. Бұның алдында ол мақтағанды ұнатпайтынын мәлімдеген», деп жазады Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

 

Соңғы жаңалықтар