Францияның оңтүстігіндегі Вар департаментінде 16 тамызда шыққан дала өрті әлі сөндірілмеген, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
– Гонфарон коммунасының маңындағы Мор массивінде басталған дала өрті бақылауда, – деп хабарлады Вар департаментінің мамандары.
Бірақ жалын әлі сөндірілмеген.
Өрт қаупіне байланысты алты жолда көлік қозғалысы жабылған.
Вар бөлімінің өрт сөндіру бөлімі өртті сөндіруге 400 адам жұмылдырылғанын хабарлады.
Тергеу барысында өрттің темекі тұқылынан тұтанғаны анықталған. Өрт шамамен 8 мың гектар орманды қамтыды. Салдарынан жеті өрт сөндіруші жараланды, тағы екі адам қайтыс болды, 19 адам түтіннен уланған.
Жағалаудағы 10 мыңға жуық адам мен бірнеше лагерь эвакуацияланды.