Ауыратлет Майя Манеза екінші баласын дүниеге әкелді, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
«Бүгін менің отбасымда өте маңызды, әсерлі және бақытты күн! Сүйікті күйеуім Вячеслав екеуміз тағы бір нәрестенің ата-анасы болдық! Алинамыздың салмағы 4 келі, 54 сантиметр. Хас сұлудың өзі! Аллаға шүкіршілік етемін», деп бөлісті Майя.
Айта кетейік, 2013 жылдың 19 тамызында Майя Манеза Арсений атты ұлын босанған болатын. Манеза мен 2006 жылғы Азия ойындарының чемпионы, бұрынғы ауыр атлет Ершовтың үйлену тойы 2013 жылдың сәуірінде өткен.