#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қазақстанның еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді

Онда ұсынылған шараларды іске асыру сапалы жұмыс орындарының санын 3,6 млн-ға дейін ұлғайтуға және жұмыспен қамту құрылымын жақсартуға септігін тигізеді. Тұжырымдама ұлттық басымдықтар мен мақсаттарды,...

Skills Enbek-те «Күміс жас» жобасы бойынша 3,2 мыңнан астам адам оқу курстарынан өтті

Платформада арнайы бөлім екі ай бұрын іске қосылды, осы уақыт ішінде оған 4,5 мыңнан астам адам тіркелді, оның 3,2 мыңы оқуды сәтті аяқтап, сертификат...

Көші-қон саясаты: 325 босқын Қазақстаннан пана тапты

1998 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан БҰҰ-ның 1951 жылғы «Босқындар мәртебесі туралы» конвенциясына (бұдан әрі – Конвенция) ресми түрде қосылып, өзіне белгілі бір міндеттемелер алды. Қазіргі...

Түркістан: Өңір басшысы халықтың кірісін арттыру бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады

«Облыстың әлеуметтік-эко­номика­лық дамуына келетін болсақ, осы жыл­дың 10 айында оң өсім бар. Жалпы өңір­­лік өнім көлемі 3 трлн теңге­ден асты. Өнеркәсіп өнім көле­мі 2...

9,1 мың адам жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алды

2023 жылы мал шаруашылығына – 2 907, өсімдік шаруашылығына – 148, мүкәммал, еңбек құралдарын сатып алуға – 2 221, технологиялық жабдықтарды сатып алуға – 3 661,...

Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркелген еңбек шарттарының саны 90 пайызды құрады

Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі еңбек қатынастарының ашықтығын қамтамасыз етеді, қарапайым еңбек шарттарынан ғана емес, оларды жасау үшін қажетті басқа да қағаз құжаттардан...

Түркістан облысының тұрғындарын Солтүстікке көшіруге қоғамдық ұйымдар да атсалысады

Түркістан облысына «Отандастар қорының» Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі Әлфараби Мыңбай, ішкі көші-қон мәселесімен айналысатын «Tauekel» қоғамдық ұйымының төрағасы Бурахан Даханов, Ақжар ауданының Халықты...

Мақтааралда жылдың соңына дейін 2 ірі кәсіпорынды іске қосу жоспарлануда

Мақтаарал ауданына облыстық инвестиция және экспорт басқармасының басшысы Қайрат Әзімов пен "Түркістан" индустриалды аймақтарының басқарушы компаниясының бас директоры Серік Медетбековтер жұмыс сапарымен келіп, аудандағы бірнеше кәсіпорынды аралады.

Мақтаарал ауданына облыстық инвестиция және экспорт басқармасының басшысы Қайрат Әзімов пен «Түркістан» индустриалды аймақтарының басқарушы компаниясының бас директоры Серік Медетбековтер жұмыс сапарымен келіп, аудандағы бірнеше кәсіпорынды аралады.
Ең алдымен басшылар Мақтаарал ауданының индустриалды аймағында болып, «Береке ММА» ЖШС-нің мақта зауытының және «Soldatos» ЖШС-не тиесілі асфальт-бетон өндірісінің жұмыс барысымен танысты. Аудан әкімінің орынбасары Сәкен Сұлтанханов кәсіпорындардың бүгінгі ахуалы туралы кеңінен ақпарат беріп, жаңа инвестициялық жобалар туралы да пікір бөлісті.
«Береке ММА» ЖШС-нің мақта зауыты жылына 20 мың тоннаға дейін мақта талшықтарын өндіре алады. 80 адамды жұмыспен қамтыған кәсіпорынның жалпы құны 450 миллион теңгені құрайды. Сонымен қатар, «Soldatos» ЖШС-нің асфальт-бетон өндірісі тәулігіне мың тонна өнім шығаруға қауқарлы. 30 адамды жұмыспен қамтыған өндіріс ошағының жалпы құны 300 миллион теңге.
Индустриалды аймақта жыл соңына дейін іске қосылуы жоспарланып отырған тағы бір кәсіпорын — «El-KZ» ЖШС-нің темір-бетон өндірісі. Жылына 11-12 мың метр куб өнім шығаратын кәсіпорынның жалпы құны 209 миллион теңгені құрап отыр. 17 адам жұмыспен қамтылмақшы. «Бизнестің жол картасы — 2025» бағдарламасы бойынша құрылып отырған нысан үшін индустриалды аймақтан 1 гектар жер бөлінген.
Мұнан соң қонақтар Атакент кентінде жұмысы тоқтап тұрған «Еспол» ЖШС-нің ұн өнімдерінің өндірісімен танысты. Кәсіпорынның қайта жұмыс жасауы үшін қажетті құрал-жабдықтар сатып алуға 200 миллион теңге көлемінде қаржы қажет. Нысан иесі осы мәселе бойынша көмек сұрады. Зауыт іске қосылса тәулігіне 40 тонна бидай өңдеп, 28 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік бар.
Басшылар Атакентте жыл соңына дейін іске қосылуы жоспарланып отырған «АААР» ЖШС-нің мақта өңдеу затының құрылысына да куә болды. Жылына 30 мың тонна мақта талшығын өндіретін зауыттың жалпы құны 1,2 миллион долларға жетіп отыр. Нысанның жер көлемі 9,27 гектарды құрайды. Қазіргі таңда зауыттың құрал-жабдықтарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпорын іске қосылғаннан соң 100 адамды жұмыспен қамтуды көздеп отыр.
Айта кетейік, жұмыс сапарының соңында Қ.Әзімов пен С.Медетбеков Мақтаарал ауданы әкімі аппаратында кәсіпкерлермен арнайы жиын өткізіп, аудандағы кәсіпкерлік бойынша мәселелерді өзара талқылады. Жиын барысында пысықталған потенциялды жобаларды қарау, кәсіпкерлік бойынша мемлекеттік бағдарламалардың сапалы орындалуы, индустриалды аймақтағы мәселелер және кәсіпкерлік бойынша жобаларды қаржыландыру мәселелері сөз болды.

Соңғы жаңалықтар

Көші-қон саясаты: 325 босқын Қазақстаннан пана тапты

1998 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан БҰҰ-ның 1951 жылғы «Босқындар мәртебесі туралы» конвенциясына (бұдан әрі – Конвенция) ресми түрде қосылып, өзіне белгілі бір міндеттемелер алды. Қазіргі...

Түркістан облысында 133 әлеуметтік нысан мүгедектігі бар адамдарға толығымен бейімделді

Бұдан бұрын хабарланғандай, елімізде 2027 жылға дейін Қазақстан Республикасында мүгедектігі адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар, «Аманат» партиясының...

Қазақстанның еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді

Онда ұсынылған шараларды іске асыру сапалы жұмыс орындарының санын 3,6 млн-ға дейін ұлғайтуға және жұмыспен қамту құрылымын жақсартуға септігін тигізеді. Тұжырымдама ұлттық басымдықтар мен мақсаттарды,...

Skills Enbek-те «Күміс жас» жобасы бойынша 3,2 мыңнан астам адам оқу курстарынан өтті

Платформада арнайы бөлім екі ай бұрын іске қосылды, осы уақыт ішінде оған 4,5 мыңнан астам адам тіркелді, оның 3,2 мыңы оқуды сәтті аяқтап, сертификат...

Қазақстанда жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жүйесі жетілдіріледі

Заңнамаға енгізілген түзетулерде төмендігілер көзделген. Өмірді сақтандыру компанияларының жұмыс берушінің алдын алу шараларына жұмсаған шығындарын төленген сақтандыру сыйақысының 6 %-ына дейін өтеуі. Алдын алу...

Әлеуметтік инспекторлар халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау мақсатында 851 тексеру жүргізді

Осы кезеңде әлеуметтік инспекторлар 851 тексеру жүргізді, оның 434-і профилактикалық бақылау шеңберінде, 417-сі жоспардан тыс тексерулер болды. Мемлекеттік бақылаумен: 303 мемлекеттік мекеме және жергілікті...

9,1 мың адам жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алды

2023 жылы мал шаруашылығына – 2 907, өсімдік шаруашылығына – 148, мүкәммал, еңбек құралдарын сатып алуға – 2 221, технологиялық жабдықтарды сатып алуға – 3 661,...

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 339,4 млрд теңгеге жәрдемақы алды

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына...