Шымкент қаласы эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймаққа енді. Қаламен шекаралас орналасқан Төлеби ауданында шектеулер шаралары қатаңдатылып, демалыс аймақтарына баратын жолдарға блок-бекеттер қойылды.
Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары Асқар Искаковтың «Сайрам, Төлеби аудандары аумағында карантин мен шектеу шараларын қатаңдату туралы» №18 Қаулысына сәйкес, эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін сенбі, жексенбі күндері таулы аймақтарына кіріп-шығу шектелді. Таулы өңірде блок бекет орнатылып, онда тәртіп сақшылары кезекшілік атқаруда.
Айта кетерлігі, «Ashyq» жобасымен жұмыс жасайтын демалыс үйлері, туристік базалар және жағажайлар азық-түлік емес дүкендер, ашық, жабық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес), жәрмеңкелер, моншалар, ашық ауадағы аттракциондар, батуттардың сенбі, жексенбі күндері тоқтатылады.