#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

М.Байғұт: «Әкімдер сайлауы – сапалы саяси бетбұрыс»

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ауыл әкімдерін сайлауы туралы былтырғы жылғы Жолдауында байыптаған болатын.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ауыл әкімдерін сайлауы туралы былтырғы жылғы Жолдауында байыптаған болатын.

Мемлекет басшысының батыл бастамасы халықтың басым бөлігіне ұнады. Ұнасымды пікірлер, парасатты пайымдар білдірілді. Әрине, күдік-күмәндар да болмай қалған жоқ. Себебі, қазақтың кейбір кілтипанды ерекшеліктеріне байланысы сайлаушылардың біршама бөліңкіреп, бөлшектеңкіреп кететінін жоққа шығара алмайсыз. Сайлауға қатысып оспадарсыздықтан опық жеген хәкім Абайыңыздың өзі: «Біздің қазаққа сайлаудан гөрі тікелей назначение дұрыс», – деп жазған ғой. «Назначениені» орысша алғанында гәп бар.

Қуанышқа орай, қазекем Абай заманынан біршама жаңғыра бастағандай-ау. Хәкім данышпан ғайыптан тіріліп келсе, қазағының әжептеуір өзгергеніне қуанар ма еді. Дейтініңіз рас.

Президент бастамасымен, ойдағыдай өткен әкімдер сайлауы – сапалы саяси бетбұрыс. Мемлекет басшысы сайлау алдындағы бәтуалы басқосуда «Біз бұған біртіндеп, жоспарлы түрде келдік»,– деп, өте орынды, парасатты тұжырымын түйіндеді. Қайта сайланған ауыл әкімдерінің, жаңадан сайланған мемлекеттік қызметкерлердің, бюджеттік мекемелер өкілдерінің басым болуы, өзін-өзі ұсынғандар мен коммерциялық құрылымдардың, тіпті жұмыссыздардың сенімге ие болуы талай-талай тағылымнамалар аңғартады. Жақсы-жақсы ойларға жетелейді. Әрине, «Nur Otan» партиясына деген сенімнің жөні бөлек, жосығы ерек. Ендігі жерде, төрт жылдық тыныс -тіршілікте тектілік танытып, сайлаушыладың сенімін ақтау, жоғары жауапкершіліктің өнегесін көрсете білу тіпті де оңай емес. Шерхан Мұртазаның «Әкім бол, халқыңа жақын бол» – деген қарапайым да қасиетті қағидатты қанат қағар жылдар жалғаса берсін деп тілейміз.

Мархабат БАЙҒҰТ
Жазушы, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филалы жанындағы
«Miras» қоғамдық кеңестің төрағасы.

Соңғы жаңалықтар