Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасындағы бірінші жекпе-жегін сәтті өткізді деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
Тартысты жекпе-жекте қазақстандық боксшы 4:1 есебімен қарсыласын тізе бүктірді.
Айта кетелік, бүгінге дейін Серік Теміржанов (57 келі) пен Зәкір Сафиуллин (63 келі) Токио ойындарындағы алғашқы жеңісін еншілеген болатын.