#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

«Оңтүстік су» филиалының төрағасы сайланды

Бүгін «Nur Otan» партиясы «Оңтүстік су» филиалының кезектен тыс XLIII конференциясы өтті.

Бүгін «Nur Otan» партиясы «Оңтүстік су» филиалының кезектен тыс XLIII конференциясы өтті. «Су ресурстары маркетинг» ЖШС-нің мәжіліс залында өткізілген жиынға «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева, «Nur Otan» партиясы «Оңтүстік су» филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, партия ардагерлері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, «Jas Otan» ЖҚ мүшелері қатысты.
Конференцияның күн тәртібінде «Nur Otan» партиясы «Оңтүстік су» филиалының төрағасын сайлау және аталған филиалдың Саяси кеңесі құрамына өзгерістер енгізу туралы екі мәселе қаралды. Жиында «Оңтүстік су» филиалының төрағалығына, «Су ресурстары маркетинг» ЖШС бас директорының орынбасары, партия мүшесі Зейнетаев Абзал Скендерұлы сайланды. Сонымен қатар қатысушылар «Оңтүстік су» филиалының Саяси кеңесінің құрамынан шығарылғандардың орнына ұсынылған партияның өзге мүшелерін енгізуді қолдады.
«Nur Otan» Шымкент қалалық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева жиынды қорытындылау сөзінде үлкен өндіріс орнының іргесінде құрылған «Оңтүстік су» партия филиалы партияның 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының орындалуы мен оны белсенді насихаттауда нәтижелі жетістіктерге қол жеткізуі тиіс екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар