#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан: Шардаралықтар Маңғыстауға 300 тоннаға жуық мал азығын жөнелтті

Биыл ауа-райының қолайсыздығынан жауын-шашынның аз түсуі және қуаншылықтың салдарынан зардап шеккен батыс өңіріне шардарлықтар 300 тоннаға жуық мал азығы жөнелтіп, жәрдем көрсетті.

Биыл ауа-райының қолайсыздығынан жауын-шашынның аз түсуі және қуаншылықтың салдарынан зардап шеккен батыс өңіріне шардарлықтар 300 тоннаға жуық мал азығы жөнелтіп, жәрдем көрсетті.
Шардара ауданында 5 500 ден астам шаруа және фермерлік қожалықтар, өндірістік кооперативтер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер ауыл шаруашылығы өндірісімен айналысады. Биыл ауданда 59 300 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Оның ішінде 21 959 гектар жерге ескі және жаңа жоңышқа егіліп, дала шөбі және сабанды қосқанда 207 мың тоннаға жуық мал азығы дайындалған.
Ауданда 56 892 бас ірі қара мал, 14 671 бас жылқы, 3 160 бас түйе, 256 100 уақ мал бар. Аталған мал басына қажетті мал азығы (жоңышқа, табиғи шөп, сабан) — 176 900 тоннаны құрайды. Ал, ағымдағы жылы 59 300 га суармалы егістік алқабына ауыл шаруашылығы дақылдары егілсе, оның 50 пайыздан астамы мал азығына бағытталған. Сондай-ақ, 21 959 гектар жоңышқадан 241 550 тонна өнім алу жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар