#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістанда банктің бұрынғы қызметкері клиенттерді 40 миллион теңгеге алдап кеткен

Түркістан банктерінің бірінің бұрынғы менеджері өз қарыздарын клиенттерге рәсімдеп, өзгелердің  депозиттерінен ақша алған.

Түркістан банктерінің бірінің бұрынғы менеджері өз қарыздарын клиенттерге рәсімдеп, өзгелердің  депозиттерінен ақша алған, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысының полиция өкілдерінің мәліметінше, өзге адамдардың атына несие рәсімдеген банктің бұрынғы қызметкерінің ұсталды. Ол Түркістандағы банктердің бірінде менеджер болып жұмыс істеп, әр түрлі мәселе бойынша клиенттердің құжаттарын пайдаланып, олардың атына несие алу үшін пайдаланған.

Осылайша, алаяқ 11 адамға несие «іліп» қойған. Ол, сондай-ақ, үш адамның депозитінен ақша аударып алған. Оның әрекеттерінен келтірілген жалпы шығын — 40 миллион теңге.

Бұл деректі полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеген. Күдікті алған ақшасын құмар ойындарға жұмсағанын мойындады. Бүгінде бұл дерек бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар