Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері арасында заңсыз ойын бизнесіне қамқорлық жасау бойынша екі дерек анықталды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Өзіндік қауіпсіздік департаменті маусымда агенттік қызметкерлерінің қылмыскерлер әрекеттеріне жәрдемдесуі бойынша екі деректі анықтады. Жедел-тергеу шараларын жүргізу барысында заңсыз ойын бизнесін қорғағаны үшін Алматы аумақтық департаментінің жедел уәкілі ұсталды. Осыған ұқсас факт Ақтөбе облысында да анықталды, онда ЭТД тергеушісі қамқорлықтан бөлек ақшалай сыйақы алған», — делінген хабарламада.
Күдіктілер екі айға қамауға алынған.
Бұған дейін Шымкенттегі тұрғын үйлердің бірінде жасырын ойынхана анықталған болатын.