
Сіздерді Елорда күнімен құттықтаймын!
Елбасымыз – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен әрі тікелей жетекшілігімен Сарыарқаның төрінде бой көтерген елордамыз бүгінде Еуразия кіндігінде ең жас әрі әсем астаналардың қатарында.
Ел жүрегі саналатын Бас қаламыз – Нұр-Сұлтанда дүниежүзілік, халықаралық деңгейдегі ауқымды шаралар мен ел болашағына арналған келелі кеңестер өтіп, маңызды шешімдер қабылданып жүр. Сонымен қатар, әлемдік деңгейдегі «Экспо-2017» халықаралық көрмесінің елордамызда өткізілуі де өз кезегінде Қазақстанның абыройын әлемдік аренада асқақтатуға септігін тигізді.
Осылайша, исі қазақтың арқа сүйер қорғанына, ұлттық идеяның ұйытқысына айналған елордамыздың арқасында еліміз дүниежүзіне танылып, қарқынды даму үстінде.
Елбасымыз: «Астана – ең алдымен азаттығымыздың символы, Қазақстанның жаңа тарихының шынайы шежіресі, қарқынды дамуының, қол жеткен табыстарының, абырой-беделінің, береке-бірлігінің жарқын көрінісі» – деген еді. Осы ойдың маңызы арта түскеніне кө жеткізіп келеміз.
Биыл ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толып жатыр. Осы егемендігіміздің арқасында салынған елордамызға қарап түркі әлемінің рухани орталығына айналған Түркістан қаласыда қайта түлеп, бой түзеп жатқанын мақтанышпен жеткізе аламын. Елбасының Түркістан облысын өркендету бастамасын жалғастырып жатқан Мемлекет басшысымыз Қасым-Жомарт Тоқаев киелі өңірдің дамуына тапсырмалар беріп, басты назарында ұстап отыр.
Құрметті жерлестер!
Сіздерді Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі болған Елорда күнімен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тiлеймiн!