Премьер-министр Асқар Мамин коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Үкімет басшысы Қарағанды фармацевтикалық зауытында өндірілген «Спутник V» препаратын салдырған.
«Вакцина алғаннан кейінгі Асқар Маминнің денсаулығы жақсы, жанама әсерлері байқалған жоқ», — делінген баспасөз хабарламасында.