Түріктің Atmaca аталатын кемеге қарсы зымыраны қолданысқа берілер алдындағы соңғы сынақ кезінде кеме пішініндегі жер үстінде орналасқан нысанаға дәл түсті, деп жазады ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
«Біздің Отанымыздың болат қылышы — Atmaca кемеге қарсы зымыраны әскери арсеналға қосылар алдындағы соңғы сынақ кезінде кеме тәрізді нысанаға дәл түсті. Қарулы күштерімізге сәттілік тілеймін», деп жазды түрік басшысы.
Сондай-ақ Түркия президенті зымыран сыналған сәттен видео жариялады.