Маңғыстауда ауа температурасы +40 градусқа дейін көтерілді. Жаңаөзендегі осындай аптапта тұрғындар далада жұмыртқа «қуырып» жатыр, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Маңғыстау облысында ауа температурасы +40 градусқа дейін көтеріледі. Синоптиктер мұндай болжамды бүгін, 19 маусымда айтты.
Желіде осыған ұқсас видеолар бұрын да жарияланған. Мысалы, 2017 жылы Атырау мен Шымкентте ауа температурасы 40 градустан жоғары көтерілгенде, адамдар жұмыртқаны осындай әдіспен қуырған еді. Алайда кейбір Желі қолданушысы видеолар фейк деп санайды, олар жұмыртқа дайындау үшін табаны алдын-ала кәдімгі пеште қыздыруы мүмкін деген болжам айтқан.
Айта кетейік, Маңғыстауда тек аптап болжанып отырған жоқ. Синоптиктер шаңды дауылдар мен дала өрттері болуы мүмкін екенін мәлімдеді.