#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістанда «Түрленген, гүлденген Түркістан» атты аламан айтыс басталды

Түркістанда республикалық деңгейдегі «Түрленген, гүлденген Түркістан» атты аламан айтыс басталды.

Түркістанда республикалық деңгейдегі «Түрленген, гүлденген Түркістан» атты аламан айтыс басталды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Түркістан облысының құрылуына 3 жыл толуына орай қолға алынған айтыс «Nur Otan» партиясының және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтіп жатыр. Әзімхан Қойлыбаев бастаған Облыстық мәдениет басқармасы айтулы іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырып, Жүрсін Ерман ағамыз бастаған сөз сүйлейлерін Түркістан төрінде шарықтауына ұйытқы болды.
Айтыс деген – қазақтың жаны ғой. Сонау мыңжылдықтардан, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен асыл өнерді қолдау – баршамыздың міндетіміз. Сөз додасының ашылу салтанатына арнайы қатысып, ақындарға сәттілік тіледім. От ауызды, орақ тілді ақындардың жыр сайысын тыңдап, көңіл серпіліп қалды.
Екі күнге созылатын дүбірлі айтысқа республиканың барлық өңірінен елімізге танымал от тілді, орақ ауызды айтыскер ақындар қатысып жатыр. Атап айтсақ, Айбек Қалиев, Жансая Мусина, Мұхтар Ниязов, Аспанбек Шұғатаев, Біржан Байтуов және тағы да басқа сөз шеберлері тәуелсіз Қазақстанды, тұғырлы Түркістанды жырларына арқау етіп, ел алғысын алуда. Сонымен бірге ҚР Халық ақыны, өңірдегі ақындардың ұстазы – Әселхан Қалыбекова апамыздың да 70 жылдық мерейтойы жырға арқау етіліп жатыр.
Айтыс ертең мәреге жетеді. Бас жүлдеге Түркістан жұртшылығы атынан «темір тұлпар» тігіліп отыр. Тұран төріндегі сөз сайысында ел аузында қалатын сүбелі ойлар, шырайлы шумақтар айтылып, әдеби мұрамыз толыға түсетіні анық.

Соңғы жаңалықтар