#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Назарбаев «Самұрық-Қазына» мен «Лукойл» басшыларын қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен "Лукойл" ЖАҚ президенті Вагит Алекперовті қабылдады.

Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен «Лукойл» ЖАҚ президенті Вагит Алекперовті қабылдады, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері және инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі жоспарлар талқыланды.

«Сіздің компанияңыз Қазақстандағы ертеден келе жатқан ірі инвесторлардың бірі болып саналады. Сіз Теңіз, Қарашығанақ сияқты ірі кен орындарында жұмыс істейсіз, «Каспий құбыр консорциумы» инфрақұрылымдық жобасына қатысасыз», — деді «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқару кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Вагит Алекперов Елбасына бірлескен жобаларды іске асыру, соның ішінде Каспий теңізіндегі бірқатар кен орындарын игеру арқылы Қазақстан экономикасына инвестициялар көлемін арттыру жоспарлары туралы айтты.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Лукойл» басшысын қабылдаған болатын.

Соңғы жаңалықтар