Будапеште өтіп жатқан әлем чемпионатында аса ауыр салмақ дәрежелері бойынша жүлделі орындар үшін айқастын балуандар толықтай белгілі болды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
Ерлердің +100 кило салмақ дәрежесінде ресейлік Темірлан Башаев пен жапониялық Кокора Кагуера өзара бәсекеде әлем чемпионы атағын сарапқа салады. Ал нидерландтық Рой Мейер мен бразилиялық Рафаэль Силва және украиналық Якуб Хаммо мен грузиялық Гела Заалишвили қола медаль үшін айқасады.