#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Еңбек министрінің бауыры Тимуржан Нұрымбетов 10 жылға сотталды

Бұрынғы еңбек министрінің бауыры Тимуржан Нұрымбетов 10 жылға сотталды.

Бұрынғы еңбек министрінің бауыры Тимуржан Нұрымбетов 10 жылға сотталды. Бұл туралы Тараз қаласының № 2 сотында айтылды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сотта Нұрымбетов, Романова, Өтеулина, Сарымсақов, Мұстафаға қатысты қылмыстық іс қаралған.

«Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бұрынғы басшысы Нұрымбетов тергеу барысында 44 миллион теңгеден аса ірі мөлшерде пара алды, алаяқтық жасады, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп айыпталды. Оның қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке 54 миллион теңгеден аса сомаға залал келген.

Басқарманың бұрынғы қызметкерлері Романова мен Өтеулина парақорлық, аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталды. ЖШС директоры Сарымсақов және Мұстафа алаяқтық жасады, парақорлыққа делдал болды және ірі мөлшерде пара берді деп айыпталды», — деді сотта.

Прокурор Нұрымбетовке 12 жыл бас бостандығынан айыру, Романоваға — сегіз жыл бас бостандығынан айыру, Сарымсақоваға — тоғыз жыл бас бостандығынан айыру, Өтеулинаға – жеті жыл бас бостандығынан айыру, Мұстафаға — жеті жыл бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындауды сұрады.

Адвокаттар бапты қайта саралауды сұрады. Кінәні ішінара мойындау жазаны жеңілдететін, ал қылмыстың төтенше жағдай кезінде жасалғаны ауырлататын мән-жәй деп танылды.

«Сотталушылардың кінәсі бір-бірін әшкерелейтін айғақтармен, куәгерлермен, сараптама қорытындысымен және басқа да деректермен дәлелденді. Нұрымбетовтың мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, Нұрымбетов қылмыс құрамының болмауына байланысты ақшаны заңдастыру айыбы бойынша ақталды», — делінген сот хабарламасында.

Қалғандары: Романова және Сарымсақов сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Олар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды және қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленді.

Өтеулина бес жыл, Мұстафа жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Екеуі де өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылған. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар

«Ауыл аманатының» өнімдеріне сұраныс көп

Сенбі күні Ақтөбе қаласындағы «Табыс» коммуналдық базарында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Бұл жолғы жәрмеңкені Қобда ауданы бастап отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әр сенбі сайын өткізілетін...

«Ауыл аманаты» — ауылдықтар үшін пайдалы жобаға айналды

Мысалы, Қаратал ауданының Жасталап ауылының тұрғыны Ерғазы Болат «Ауыл аманаты» шеңберінде жылдық 2,5% мөлшерлемемен 3 млн. 420 мың теңге алды. Бұл соманың 3 млн....

«Ауыл аманатының» игілігін көріп, табысын арттыруда

  Ел ішінде қолтығымыздан деме­се, дем беріп жебесе, нарық айдынын­да судағы балықтай еркін жүзіп кетер едік деген сөз жиі айтылады. Әрине, дү­ние құралу үшін оң...

«ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫНЫҢ» БЕРЕРІ МОЛ

Қасиетті мекен тұрғындары 128 мың болса, соның 36 мыңы жастар. Яғни жалпы  халықтың 27,1 пайызы белсенді топ. Аудан жастиарын тұрақты жұмыспен қамту, бизнеске тарту...

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 376,6 млрд теңгеге жәрдемақы алды

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына...

2023 жылғы 1 желтоқсанға 595 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы...

Сенат арнайы әлеуметтік төлемдерді енгізу бойынша заңнамаға түзетулерді мақұлдады

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтқан тапсырмасын орындау үшін, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру мақсатында...

Елордада «Joltap» әлеуметтік жобасы аясында «Баршаға мүмкіндік» модульдік бекеттері ашылды

Енді астаналық өтініш біл­ді­ру­шілер мемлекеттік қолдау шара­лары жөнінде кеңес ала алады, сондай-ақ жекелеген ма­мандықтар, әсіресе фрилансерлерге арналған мамандықтар бо­йынша курстан өтіп, жұмыс табуға мүмкіндік...

Жоғары оқу орнын жаңа бітірген түлектерді жұмыспен қамтуға басымдық беріледі

Сонда кім кінәлі? Жалақысы төмен жұмысқа барғысы келмейтін дипломды маман ба, әлде қолайлы жағдай жасай алмай отырған Үкімет пе? Ұлттық статистика бюросының де­ре­гін бағдарласақ, қазір...