#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкент қаласында 7 негізгі макрокөрсеткіштер бойынша оң өсім байқалды

  ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің 2021 жылғы қаңтар-мамырдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары жария етілді. Ұлттық экономика министрі Әсер Ерғалиев Қазақстан экономикасы оң...

Назарбаев «Самұрық-Қазына» мен «Лукойл» басшыларын қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен "Лукойл" ЖАҚ президенті Вагит Алекперовті қабылдады, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Кездесу барысында мұнай-газ...

Шымкент әкімі Израильдік компания өкілдерімен кездесті

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Матзер Пласс» израильдік компания өкілі Шмуль Шчупакпен кездесті. Бас қосуда тараптар екі ел ынтымақтастығын нығайта отырып, елімізде тамшылап суару...

Түркияның шығысынан алтын-күміс кен орындары табылды

Түркияның шығысындағы Агра провинциясында алтын мен күмістің кен орындары табылды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. Бұл туралы бейсенбіде Түркияның индустрия және технология министрі...

Өмірзақ Шөкеев жол қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды

Жыл басынан бері орын алған жол көлік оқиғаларының саны былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 35%-ға, жарақат алғандар 18%-ға, қаза болғандардың саны 38 пайызға төмендеген....

М.Әйтенов: Мектеп пен балабақшаға барар жолдарды жарықтандыруымыз керек

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында көшелерді жарықтандыру бойынша атқарылған жұмыстардың есебін тыңдады. Жалпы, Шымкент қаласы бойынша орталық маңызы бар 747 көшенің (1758...

Қазақстан Венгрия, Таиланд және Моңғолияның вакцина салдырған азаматтарына кіруге рұқсат берді

Қазақстан Венгрия, Таиланд және Моңғолияның вакцина салдырған азаматтарына кіруге рұқсат берді, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Қазақстанның бас санитария дәрігері Ерлан Қиясов...

Түркістан қаласына жаңа әкім тағайындалды

Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және Түркістан қаласының мәслихат депутаттарының келісімімен Түркістан қаласы әкімі қызметіне Нұрбол Тұрашбеков тағайындалды.


Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және Түркістан қаласының мәслихат депутаттарының келісімімен Түркістан қаласы әкімі қызметіне Нұрбол Тұрашбеков тағайындалды. Жаңа әкімді қала активіне Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев таныстырып, алдағы мақсат-міндеттерін айқындап берді. Түркістан қаласының жаңа әкіміне үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғанын айтып, абыройлы еңбек ететініне сенім білдірді.

«Түркістан қаласының дамуының бірінші кезеңі аяқталып, екінші кезеңі басталды. Өздеріңізге белгілі, жақында ғана өңірдің кешенді жоспары бекітілді. Онда алдағы 5 жылда атқарылар жұмыстар нақтыланған. Соның аясында жүйелі жұмыс істеу керек. Түркістанның климатын өзгерту жолында мамандар өте көп еңбек етуде. Осыны жалғастыру керек. Екі жылда 400 гектар жер саябаққа айналды. Бірнеше су айдындары пайда болды. Түркістан – туған қаламыз. Бүкіл әлем көз тігіп отырған түркі әлемінің рухани астанасы. Осындай киелі мекенді басқару бұйырған жаңа әкімнің алдағы жұмысына сәттілік тілейміз» , – деді облыс әкімі.

Түркістан қаласына тура екі жыл әкім болған Рашид Аюпов осы уақыт ішінде өзіне қолдау білдірген барша азаматтарға қала активі алдында алғысын айтып, қоштасты.
Ал, Түркістан қаласының жаңа әкімі Нұрбол Тұрашбеков өзіне білдірген сенім үшін алғысын айтып, Түркістан қаласының өркендеуі жолында бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді. Берілген тапсырмаларды мерзімінде әрі сапалы орындауға уәде берді.

Нұрбол Әбдісаттарұлы Тұрашбеков 1980 жылы Төлеби ауданында туған. 2000 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2005 жылы М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы инженер-экономист. Еңбек жолын 2001 жылы Ордабасы ауданында жер кадастр бюросынан бастаған. 2002 жылы Ордабасы аудандық жер-кадастрлық бюросының меңгерушісі, 2009 жылы Сайрам жер-кадастрлық бюросының директоры, 2010 жылы «Оңтүстік Қазақстан жерге орналастыру ғылыми-өңдірістік орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының директоры, 2012 жылы (Астана қаласы) «Жерге орналастыру ғылыми-өңдірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған. 2016 жылдың сәуір айынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» дирекциясы директорының орынбасары, «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» дирекциясы Мемлекеттік жер кадастры басқармасының басшысы лауазымын атқарған. Бірнеше жауапты қызметтерде еңбек еткен Нұрбол Тұрашбеков 2017-2020 жылдар аралығында Түлкібас ауданының әкімі, 2020 жылдың мамыр айынан Ордабасы ауданының әкімі лауазымын атқарып келді.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы ең ұзын көпірдің құрылысы басталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысының капсуласын салу рәсімі өтті, деп хабарлайды ADYM.KZ...

Алматыда «қызыл» мәртебесі бар тұрғынға кинотеатрға барғаны үшін айыппұл салынды

Алматыда "қызыл" мәртебесі бар тұрғынға кинотеатрға барғаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы қалалық эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері мәлім етті, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz...

Қазақстан QazVac вакцинасын гуманитарлық көмек ретінде ұсынуға дайын – Тоқаев

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам ынтымақтастығы ұйымының (ИЫҰ) ғылым және технология жөніндегі екінші саммитінде айтты, деп хабарлайды, ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. Президент Қазақстанның коронавирус...

Шымкент әкімі Израильдік компания өкілдерімен кездесті

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Матзер Пласс» израильдік компания өкілі Шмуль Шчупакпен кездесті. Бас қосуда тараптар екі ел ынтымақтастығын нығайта отырып, елімізде тамшылап суару...

Түркістанда «Түрленген, гүлденген Түркістан» атты аламан айтыс басталды

Түркістанда республикалық деңгейдегі «Түрленген, гүлденген Түркістан» атты аламан айтыс басталды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Түркістан облысының құрылуына 3 жыл толуына орай қолға...

Алматыда заңсыз жүрген өзбекстандықтар ұсталды

Алматыдағы құрылыс алаңында Өзбекстаннан келген 30-дан астам гастарбайтер ұсталды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. Көрші мемлекеттен келген мигранттар қаланың Алатау ауданындағы құрылыс алаңында...

Түркістан облысында ет сатушы 147 тұрғынның атынан несие рәсімдеген

Түркістан облысында тұрғын 147 адамға онлайн-несие рәсімдеді, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Түркістан облысы полиция департаментіне несие рәсімдеу кезіндегі күдікті әрекеттерді байқап,...

Қазақстандағы орташа зейнетақы аталды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстандағы орташа зейнетақыны атады, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап. 2021 жылдың қаңтар-мамырында...

Өмірзақ Шөкеев жол қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды

Жыл басынан бері орын алған жол көлік оқиғаларының саны былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 35%-ға, жарақат алғандар 18%-ға, қаза болғандардың саны 38 пайызға төмендеген....