«Қайрат» футбол клубы Алексей Шпилевскийдің бас бапкерлік қызметінен кеткені туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
Бас бапкердің міндетін атқарушы болып биылғы маусымда «Қайрат-Жастар» командасын басқарған қазақстандық Кирилл Кекер тағайындалды.
«Қайрат» ФК Алексей Николаевич Шпилевскийге атқарған жұмысы және бірге қол жеткізген жетістіктері үшін алғыс білдіреді! Жаттықтырушы мансабында табыс және жаңа жеңістер тілейміз», делінген клуб хабарламасында.
Шпилевскийдің неміс клубына кетуі туралы қауесет бір күн бұрын пайда болды. 33 жастағы маман «Қайратқа» 2018 жылдың қарашасында келген, ал 2020 жылы алматылықтарды 16 жылда алғаш рет чемпионатқа шығарды. Осы чемпионатта «Қайрат» үшінші орында келеді.