Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы М. Ахметжанов кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі V республикалық форумында «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп жоспарланып отырған Агроөнеркәсіптік кешендегі субсидиялар мен дотациялар беру саласындағы тәуекел аймақтарына жүргізілген талдауларды жариялады, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
«5 жыл ішінде субсидиялауға 1 трлн теңгеден астам қаражат бөлінді. Ауыл шаруашылығы бойынша қозғалған қылмыстық істердің жартысынан көбі (54%) – субсидия ұрлау», деп атап өтті Антикор басшысы.