#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Театр костюмдерін халықаралық деңгейдегі дизайнер әзірлейді

Шымкент қалалық опера және балет театрында өз ісінің үздік мамандары жұмыс істейді.

Шымкент қалалық опера және балет театрында өз ісінің үздік мамандары жұмыс істейді. Сахналық костюмдерді жоғары деңгейде әзірлеп, қойылымның шырайын келтіріп жүрген жоғары дәрежелі дизайнер Сабира Дәулеталиева жайында әңгімелеп беруді жөн көрдік.
Сабира Оразбекқызы 1979 жылы 23 желтоқсанда ОҚО, Түлкібас ауданында дүниеге келген. Шымкент қаласында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да «Өнер» факультетінде «Дизайнер» мамандығы бойынша білім алып, көп ұзамай өзі білім алған оқу орынында «Киім дизайны» кафедрасының оқытушысы қызметінен бастаған.
Үздіксіз ізденістің арқасында 2002 жылы Минскте өткен Этно-Эрато Халықаралық жоғары ұлттық сән шеберлері байқауында І орынды жеңіп алды. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің «Жыл дизайнері» стипендиясымен марапатталған.
Үздік сән шебері 2010 жылдан бастап Шымкент қалалық опера және балет театрының тігін цехының меңгерушісі, костюм-дизайнері, қазіргі таңда «суретші-модельер» қызметін атқарып келеді. Қызметке келген күннен бастап шеберлігінің арқасында аса ауқымды қойылымдар кейіпкерлерінің киімдерін талғаммен, ерекше стильмен әзірлеуге бар күшін салып жүр.
Театрдағы 11 жылдан астам еңбегінде Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек», С.Мұхамеджановтың «Айсұлу», Е.Рахмадиевтің «Қамар сұлу», У.Гаджибековтың «Аршын мал алан», Р.Леонковаллоның «Паяцы», Дж Вердидің «Риголетто», А.Жұбанов, Л.Хамиди «Абай», Г.Доницеттидің «Махаббат сусыны», П.Масканьидің «Сельская честь», М.Төлебаев «Біржан — Сара», Дж.Россинидің «Севильдік шаштараз», Ж.Бизенің «Кармен» опералары, С.Ахметова, Р.Шыныкуловтың «Махаббат мұнарасы» мюзиклі және Р.Салаватовтың «Қарлы ханым», П.И.Чайковскийдің «Щелкунчик» балалар балеті, Ф.Легар «Көңілді жесір» оппереттасы, Т. Жармұқаметтің «Домалақ ана» операсы костюмдерінің эскизін жасап, сахнаға лайықтап отырды.
2020 жылы Қазақстан дизайнерлер одағының мүшесі болып тіркелген Сабира Оразбекқызы бүгінде театр мақтанышы. Сахна сыртында, бірақ қызметі орасан өнер иелерінің бірі болған бүгінгі кейіпкерімізге зор табыс, шығармашылық шабыт тілейміз.

Соңғы жаңалықтар

ROI тұтынушылар кооперативі 3 жылдығы қарсаңында жүзінші отбасыға үй сыйлады

ROI тұтынушылар кооперативінің 3 жылдығы қарсаңында шымкент пен түркістандықтардан 100-ші отбасы үй алды. ROI кооперативінің 3 жылдық мерейтойына орай шымкенттік мүмкіндігі шектеулі жан мен көпбалалы...

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТЕРДІҢ ӨНІМДІЛІГІ 65% ЖЕТТІ

Түркістан қаласы маңындағы «Жасыл белдеу» аймағын алғашында 7 700 гектарға құру жоспарланса, қазір ол меже 13 629 гектарға жетіп, аталған аймақта көшеттер күтіп-бапталуда. Қазіргі...

Түркістандық таеатр Х «Babel F.A.S.T.» фестиваліне қатысты

Румынияның Тырговиште қаласында халықаралық Х «Babel F.A.S.T.» фестивалі өтті, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өнер көрсеткен соң қойылым режиссері...

Түркістан облысында отандық «Avtopicnik» көлігі құрастырылды

Аталған көлік жобасы Келес ауданындағы №13 колледж мұғалімдері мен оқушыларының шығармашылық жұмысының нәтижесінде жүзеге асты, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне...

Turkistan: «Жер аманаты» комиссиясы 17 мың гектар жерді жайылымға қайтарды

Түркістан облысында 17 мың гектар жайылым қайтарылды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркістан облысында 3,1 млн....

Түркістан: Бәйдібек ауданындағы Тұттыбұлақ үңірінен 41 мың жыл бұрынғы тіршілік белгісі табылды (фото)

Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданындағы Тұттыбұлақ үңірінен 41 мың жыл бұрынғы тіршілік белгілі болды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты. Сондай-ақ, аталған үңгірден тас құралдары мен...

Shymkent: 1964 жылы пайдалануға берілген Балалар үйі күрделі жөндеуден өтуде

Қала әкімі Мұрат Әйтенов білім нысандарын аралау барысында №3 балалар үйінің күрделі жөндеу жұмыс барысын тексерді, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты қала әкімдігінің баспасөз...

Ресей дәнді дақылдарды қайда экспорттайтыны белгілі болды

Ресей ауыл шаруашылық (егін) өнімдерін тек "дос" елдерге сататын болды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты. РФ Ауыл шаруашылық министрі Дмитрий Патрушев Ресейдің агро сектордағы азық-түлік...

Кенді қаланың «Бас жоспары» өзгереді

Кентау қаласының әкімі Рашид Аюпов шаһардың жаңа "Бас жоспарын" таныстыру мақсатында БАҚ өкілдеріне арнайы баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты қала әкімдігінің...