#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан облысында жоғалған екі жігіт өлі табылды

Түркістан облысының тауларында жоғалған екі туристің мәйіті табылды. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі мәлімдеді.

Түркістан облысының тауларында жоғалған екі туристің мәйіті табылды. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі мәлімдеді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«29 мамырда сағат 00:30-да үздіксіз іздестіру жұмыстарының барысында Өгем өзенінен бір адамның жансыз денесі табылды. Ол 1999 жылы туған тауда жоғалып кеткен туристер тобының бірі екені анықталды. Екінші жігіттің мәйіті бүгін Өгем өзенінен 3 шақырым жерден табылды» — деп хабарлады ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Жігіттердің денесі Қазавиақұтқару» АҚ МИ-171 тікұшағымен Шымкент қаласына жөнелтілді. Қалған екі адамды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жерде оларды құтқарушылар, полиция қызметкерлері, шекара қызметінің ат патрулі, ұлттық парк қызметкерлері және жоғалғандардың туыстары іздестіріп жатыр. Сондай-ақ, әуеден іздеу үшін ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ екі борты жұмылды.

Аталған дерек бойынша Түркістан облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша өлімнің себебі анықталады.

Еске салайық, кеше, 27 мамырда Назарбаев университетінің баспасөз қызметі Түркістан облысы тауларында жоғалып кеткен жеті саяхатшының алтауы ЖОО студенттері екенін хабарлаған болатын. 21 мамырда университеттің алты студенті және Кентау қаласы лицей-интернатының түлегі Түркістан облысындағы тауларға 4-5 күнге жаяу саяхатқа шығып кеткен. Кеше жоғалған 7 жігіттің үшеуі табылды.

Соңғы жаңалықтар