#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қазанда 9 адамды өлтірген күдіктінің кім екені айтылды

Қазандағы мектепке шабуыл жасаған күдікті бұрын полиция мен әлеуметтік қызметтің есебінде тұрмаған.

Қазандағы мектепке шабуыл жасаған күдікті бұрын полиция мен әлеуметтік қызметтің есебінде тұрмаған. Отбасында да қиындықтар байқалмаған. Бұл туралы Татарстандағы Бала құқығы жөніндегі өкіл хабарлады, деп жазады ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.

Әзірге күдіктінің ата-анасымен байланыс жасау мүмкін болмай тұр. Оқыған оқу орны күдіктінің «салмақты және ұқыпты студент» болғанын айтқан.

Бүгін – Татарстан Республикасында аза тұту күні. Тұрғындар Қазан қаласындағы шабуыл жасалған мектепке гүл шоқтары мен ойыншықтар әкеліп жатыр. Мәскеудегі Татарстан өкілдігінде тағзым ету орны ашылған.

Естеріңізге сала кетейік, 11 мамырда Қазан қаласындағы мектептердің бірінде 19 жастағы жігіт оқ атып, 9 адам қаза тапты. Олардың арасында 7 бала бар. Жарақат алған 21 адам ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда күдікті ұсталып, қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар