#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

ПТР анықтамасыз ұшып келген Өзбекстан азаматы депортацияланды

Өткен тәулікте 4 013 авиажолаушы келді.

9 мамырда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина, Грузия, Тәжікстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 24 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.

Өткен тәулікте 4 013 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 13 рейс, 2 380 жолаушы;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 1 193 жолаушы;

Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 145 жолаушы;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 159 жолаушы;

Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 136 жолаушы.

Сонымен қатар, 2021 жылдың 9 мамырында Ташкент – Алматы авиарейсімен ПТР анықтамасыз ұшып келген Өзбекстан азаматы Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды.

Соңғы жаңалықтар