Мемлекеттік орталық музейде Жеңіс күніне орай ІІ дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында «Ерлікке тағзым – ардагерлерге құрмет» қайырымдылық акциясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
«Қайырымдылық акциясы ардагерлерге бүгінгі бейбіт күн үшін алғыс пен ризашылық білдірудің бір мүмкіндігі», дейді ұйымдастырушылар. Музей қызметкерлері қайырымдылық шарасын «Ардагерлерімізді бірге құттықтаймыз!» бағытында жалғастырып, демеушілер ұсынған сыйлықтарды табыс ету үшін ардагерлердің үйіне барды.
Қайырымдылық акциясына демеушілік көрсеткендер қатарында Алматы қаласындағы ҚХР Бас консулдығы, «Аламәт» продюсерлік орталығы, «Мирас» аналар қоғамдық бірлестігі және басқа да компаниялар бар.