Әлемде коронавирус індетінің етек алуына байланысты бірқатар саладағы қалыпты ахуалдар өзгерді. Білім беру жүйесі қашықтыққа бейімделіп, сауда нарығы онлайн режиге көшіп, туризм мен туристердің таңдауы өзге арнаға бет бұруда. Яғни карантиндік шектеулер туристердің таңдауына өз әсерін тигізуде.
Азаматтар өз қауіпсіздігі үшін демалыстарын шекара аспайы-ақ ел ішінде жоспарлауға бейімделік келеді. Жалпы Қазақстан аумағында туристерді қызықтыратын тарихи, мәдени әрі діни орындар саны аз емес. Мәселен, Шымкент қаласынан республикалық маңызы бар «Қазақстанның киелі жерлері» жобасына 10 шақты нысан енгізілген. Бұл деректің өзі шаһардың туристік әлеуетінің жоғары екендігін көрсетеді. Әсіресе, туризмнің ерекеше түрі – діни туризмнің жандануы өңіраралық келуші қонақтарды тартуда маңызды рөлге ие.
Ислам мәдениетімен байланысты жәдігерлерге саяхатшылардың қызығушылығы ерекше екендігіні анық. Ел аузында екінші Мекке атанған Түркістанның маңызды фишкасы да осы діни дүние танымда екені белгілі. Онда келушілерге атақты сопы Қожа Ахмет Яссауидің ата-анасы ислам дінін тарату ошағы болған Сайрамда жерленгені туралы ақпарттың айтылуы Шымкент қаласының да игілігіне жарары анық. Қожа Ахмет Яссауидің анасына арнап салынған — Қарашаш ана кесенесі мен әкесі Ибраһим ата кесенесі кім-кімді де таңдандырары сөзсіз.
Шын мәнінде түркі жұртына ортақ салт-дәстүр мен бағзы дүние таным – әлемдегі туризмнің дамуына әсер ететін маңызды факторға айналғаны дәлелді қажет етпейді.
Кезекті тарихи нысанның бірі — Хызыр мұнарасы. Тарихи деректерге сүйенсек Сайрам өңірі ислам дінін қабылдаған соң, қала ортасынан үлкен мұнара мен мешіт тұрғызып, оны Пайғамбар құрметіне «Хызыр» мұнарасы деп атаған. Оның Хызыр аталу себебі, ол отырған жердің түсі әп-сәтте жасылға айналады екен. Жасыл түс пен жер дүниенің көктеп, гүлдеуін араб тілінде «хезра» деген. Мұнараның Хызыр аталуының сыры осында.
Ғылыми деректерде жазылғандай мұнаралардың пайда болудің бір тармағы –исламмен байланысты. Яғни мұнарасыз мешіт жоқ. Күмбезді, шатырлы, дөңгелек пішінді дегендей. Түптеп келгенде, мұнараның тарихи маңызы азан шақырумен астасып жатыр. Бүгін осы үрдісті қайта жаңғырып, жаңа туылған сәбиге Хызыр мұнарасында азан шақырылып есім беру дәстүрі жүзеге асса сіз бен біз сөз еткен рухани жаңғырудың шынайы көрінісі орын алар еді. Ислам шариғаты бойынша туылған баланың құлағына азан шақырып ат қою – сүннет.
Халық ішінде жатталған «Сайрамда бар сансыз бап, Отырарда отыз бап, Түркістанда түмен бап, баптардың бабы Арыстан бап, ең үлкені Хален бап» деп айтылудың өзі тектен-тек емес.
Жалпы туризм саласы басқа да салалардың дамуына мол мүмкіндік беретіні ақиқат. Мәселен, туристік агенттіктер, мейрамханалар, санаторилер, тамақтану орындары, көлік байланысы және т.б. Карантиндік шектеулерге байланысты ішкі туризмге сұраныстың артуын тиміді пайдалану әрмен қарай шетелдіктерді Шымкентке тартуға сеп болары анық.