#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Цифрлық теңге: жария талқылау басталды

Қазақстанда цифрлық теңге пайда болуы мүмкін, оның инфрақұрылымын Ұлттық банк қамтамасыз етеді.

Қазақстанда цифрлық теңге пайда болуы мүмкін, оның инфрақұрылымын Ұлттық банк қамтамасыз етеді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық банк жария талқылау үшін ұлттық цифрлық валюта туралы баяндама жариялады.

Цифрлық теңге шығару туралы шешім қабылдау үшін Ұлттық банк қаржы нарығына қатысушылар, сараптамалық қоғамдастық және халықаралық әріптестермен цифрлық валюта шешетін міндеттерді, оның эмиссиясы мен таралу тәсілін, пайдаланылатын технологияны, ақша-несие саясатына, қаржылық тұрақтылыққа және төлем экожүйесіне әсерін айқындай отырып, артықшылықтар мен тәуекелдерге жан-жақты зерттеу жүргізілетіні айтылған.

Цифрлық валютаны енгізу мәселесі бойынша жария талқылау өтеді. Оған сілтеме бойынша тіркеліп, қатысуға болады.

«Цифрлық теңге заңды төлем құралы, құн өлшемі және жинақ құралы болады. Платформаны іске асыру үшін қаржы нарығына қатысушылар төлем сервистерін, ал Ұлттық банк инфрақұрылымды қамтамасыз ететін екі деңгейлі сәулетті болжауы керек», — делінген ҰБ сайтында.

Ведомство мәліметі бойынша, цифрлық теңге елдің монетарлық немесе қаржылық тұрақтылығына әсер етпеуі тиіс.

2020 жылы Бағдат Мусин президент кеңесшісі болған кезде (қазір цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі), теңгені цифрлық форматқа ауыстыруды және валютаның мемлекеттік бюджеттегі қозғалысын қадағалауды ұсынған болатын. Оның айтуынша, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ең тиімді тәсілі болады.

«Әрбір теңге цифрландырылады және оның қайда жұмсалғанын көруге болады. Егер мұндай құрал ұсынылса, бүгінде болып жатқан көп жағдайдан (сыбайлас жемқорлық қылмыстарынан — авт.ескерт.) аулақ болуға болады. Адамдар мұны алдау мүмкін емес екенін түсінуі керек, оған бойұсынып, заң бойынша жұмыс істеуіңіз керек», — деді Бағдат Мусин.

Соңғы жаңалықтар