#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Павлодарлық шенеунік ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді

Павлодарда жоғары шенді шенеунік ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды ADYM.KZ "Астана" сайтына сілтеме жасап. Телеарна мәліметінше, әңгіме өңірдің Жұмыспен қамтуды...

Қостанай облысының басшысы бірден алты әкімді тағайындады

Қостанай облысының басшысы Архимед Мұхамбетов алты қала мен ауданға жаңа әкім тағайындады, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Әкімнің Instagram-парақшасында шешім қалалық және аудандық...

Өскеменде 14 жастағы оқушы жоғалып кетті

Өскемен қаласында кеше жоғалып кеткен 14 жастағы жасөспірім іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. «30 сәуір күні кешкі 18:00 шамасында 2007 жылы...

Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің жеңімпазы атанды

Қазақстандық теннисші Анна Данилина жұптық сында АҚШ-тағы ITF сериясындағы W60 Charlottesville турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. Доданың 1-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина...

Дархан Қыдырәлі жаңа қызметке тағайындалды

Дархан Қыдырәлі «Егемен Қазақстан» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ADYM.KZ  Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. Бұл туралы бүгін өзінің Facebook парақшасында ҚР Ақпарат...

Түркістан: Сарыағаштың депутаттары қайрымдылық жасаудан жарысып жатыр

Жуырда «Nur Otan» партиясы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «30 игі іс» атты қайырымдылық марафонын бастаған болатын. Осы акция аясында Сарыағаш ауданы мәслихатының...

Түркияда локдаун қатаңдатылады

Түркия 7 мамырдан бастап коронавирус жағдайына байланысты локдаунды қатаңдатады. Бұл туралы елдің ішкі істер министрлігіндегілер мәлімдеді, - деп хабарлайды ADYM.KZ Кaz.tengritravel.kz порталына сілтеме жасап. "7 мамырдан...

Әскерден қашып кеткен жігіт павлодарлық футболшы болып шықты

Павлодарда әскери комиссариаттан қашып кеткен екі жігіттің бірі бірнеше жыл бойы павлодарлық футбол командаларының құрамында ойнағаны белгілі болды.

Павлодарда әскери комиссариаттан қашып кеткен екі жігіттің бірі бірнеше жыл бойы павлодарлық футбол командаларының құрамында ойнағаны белгілі болды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Рүстем Назымбеков 20 жаста. Ол 2018 жылы «Ақсу» футбол командасының құрамында ойнаған, 2019 жылы «Екібастұз» ФК-ға ауысқан, бірақ белгілі бір себептермен шығып кеткен.

«Оның баласы бар, оны қалай әскерге алғанын білмейміз. Біздің командада ойнамайтынына екі жыл болды. Ойыншы ретінде болашағы бар еді, спортқа бейімі жақсы болған, одан жақсы кәсіби футболшы шығар еді. Жігіт ерте үйленді. Командадан кетіп бара жатқанда отбасы жағдайына байланысты екенін айтқан», — деді «Екібастұз» футбол клубындағылар.

Сондай-ақ, жігіттің достары ол сабырлы, тәртіпті болғанын атап өтті.

Ал қашып кеткен екінші жігіт, 23 жастағы Мұхамедкәрім Құлниязовтың туыстары ҚР Әскери прокуратурасы мен Қорғаныс министрлігіне шағым дайындап жатыр.

Жігіттің анасы Гүлмира Құлниязованың айтуынша, 26 сәуірде баласы Екібастұз әскери комиссариатына құжатқа белгі қою үшін өзі барған. Бұған дейін жігіт бірқатар созылмалы ауру мен салмақ жетіспеуіне байланысты әскерге шақыруы кейінге қалдырылған екен.

«Сол күні ұлымды шақыру қағазынсыз, ескертусіз автобусқа отырғызып Павлодарға алып кетті. Казармаға қоныстандырып, медициналық комиссиядан өткізді, бірақ нәтижелерін хабарламады. Ұлымның сөзінше, әскери комитеттің қызметкерлері оларға жарамсыз болсаң да, әскерге баратынын айтқан. Бір апта бойы балам казармада болды. Ол қандай да бір қысым көрмесе, ешқашан үшінші қабаттың терезесінен секірмес еді», — дейді ол.

Әйелдің айтуынша, ұлы шақырудан жалтарған жоқ және жасырынбады. Ол Екібастұзда банкте менеджер болып жұмыс істепті.

«Менің ойымша, әскери комиссариат тарапынан үлкен заңбұзушылықтар мен қысым жасалды, әйтпесе олардың ешқайсы қашуға асықпас еді. Сол күні тағы бірнеше жігіт қашып кетуге тырысты дейді, бірақ видеоға менің ұлым мен тағы бір жігіт түсіп қалған», — дейді әйел.

Жігіттің анасы қазір баласы ауруханада жатқанын айтты.

Еске салайық, Желіде Павлодар әскери комиссариатының үшінші қабатынан секіріп кеткен екі жігіттің видеосы тараған болатын. Кейін Қорғаныс министрлі олар мерзімді әскери қызметке шақырылғанын және қызметтен босату үшін заңды негіз болмағанын мәлімдеді. ҚК-нің 387-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұлды (2 миллион 917 мың теңге), не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын немесе төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды я бір жылға дейін бас бостандығын шектеуді, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан вакцина алған азаматтар саны бойынша әлемде 57-орында тұр

Қазақстан вакцина алған азаматтар саны бойынша әлемде 57-орында тұрғанын Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. «Вакцинация жұмыстары тұрақты қарқынмен...

Түркияда локдаун қатаңдатылады

Түркия 7 мамырдан бастап коронавирус жағдайына байланысты локдаунды қатаңдатады. Бұл туралы елдің ішкі істер министрлігіндегілер мәлімдеді, - деп хабарлайды ADYM.KZ Кaz.tengritravel.kz порталына сілтеме жасап. "7 мамырдан...

Түркістан: Сарыағаштың депутаттары қайрымдылық жасаудан жарысып жатыр

Жуырда «Nur Otan» партиясы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «30 игі іс» атты қайырымдылық марафонын бастаған болатын. Осы акция аясында Сарыағаш ауданы мәслихатының...

Цифрлық теңге: жария талқылау басталды

Қазақстанда цифрлық теңге пайда болуы мүмкін, оның инфрақұрылымын Ұлттық банк қамтамасыз етеді, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Ұлттық банк жария талқылау үшін...

Мексикада құлаған метро көпірінен қаза тапқандар саны 24-ке жетті

Қазір жарақат алған 70 адам ауруханада ем қабылдап жатыр. Мамандар мерт болғандардың саны тағы артуы мүмкін дейді. Өйткені қирандылар астында тағы адамдар болуы ықтимал,...

Елбасы Протоколына жаңа басшы тағайындалды

Әділ Болатұлы Жанзақов Елбасы Протоколының бастығы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен Әділ Болатұлы Жанзақов...

Әлемдегі киіктің 90%-дан астамы

Бүгін – халықаралық киік күні. Киіктердің дүниежүзілік таралымының 90%-дан астамы Қазақстанда мекендейді. Олардың - Бетпақдала, Орал және Үстірт секілді үш популяциясы бар, деп жазады...

Қостанай облысының басшысы бірден алты әкімді тағайындады

Қостанай облысының басшысы Архимед Мұхамбетов алты қала мен ауданға жаңа әкім тағайындады, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Әкімнің Instagram-парақшасында шешім қалалық және аудандық...

Азаматтық алып бермекші болған алаяқ ұсталды

Алматы облысында «азаматтық алып беремін» деп өз танысын алдаған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. Еңбекшіқазақ ауданының тәртіп сақшылары кезекті алаяқтық дерегін...