#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қазақстанда 125 миллион тонна қоқыс жиналып қалған

Қазақстанда 125 миллион тонна қатты тұрмыстық қалдық (ҚТҚ) жиналып қалған. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты, - деп хабарлайды...

Назарбаев «Самұрық-Қазына» мен «Лукойл» басшыларын қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен "Лукойл" ЖАҚ президенті Вагит Алекперовті қабылдады, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Кездесу барысында мұнай-газ...

1,5 жылға сотталған экс-шенеунік алты күннен кейін бостандыққа шықты

Қарағандыда әкімнің бұрынғы орынбасары Жақсылық Шалабеков бостандыққа шықты. Ол Қазыбек би аудандық сотының қаулысына сәйкес қамаудан босатылды, деп хабарлайды ADYM.KZ  Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. Жақсылық Шалабеков...

Қала күніне арналған барлық іс-шаралар ашық аспан астында өтеді

Шымкент қаласының 2200 жылдығы және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 19 маусым - Қала күні мерекесі тойланады. Осыған орай, Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және...

Түркістан қаласына жаңа әкім тағайындалды

Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және Түркістан қаласының мәслихат депутаттарының келісімімен Түркістан қаласы әкімі қызметіне Нұрбол Тұрашбеков тағайындалды. Жаңа...

Шымкенттегі Республика даңғылында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Шымкент қаласындағы маңызды нысандардың бірі – Республика даңғылы. Бұл - көлік ағынының қарқындылығына және қаланы өзге елді-мекендермен біріктіретіндігіне байланысты қаламыздың басты магистралды көшесінің бірі...

Қырғызстанда коронавирустың үшінші толқыны басталды — министрлік

Қырғызстанда коронавирустың үшінші толқыны жүріп жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрінің орынбасары Жалалидин Рахматуллаев баспасөз мәслихатында мәлім етті, - деп хабарлайды ADYM.KZ  Tengrinews.kz сілтеме жасап. "Пандемия...

Каспий теңізінде экологиялық апат болуы мүмкін — белсенділер

Каспий теңізінде экологиялық апат болуы мүмкін. Бұл туралы экологтар мен қоғам белсенділері айтты.

Каспий теңізінде экологиялық апат болуы мүмкін. Бұл туралы экологтар мен қоғам белсенділері айтты, — деп хабарлайды ADYM.KZ «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғындар теңіз біртіндеп таяз болып бара жатқанына алаңдаулы. Оған NCOC компаниясының түпті тереңдету жұмыстары себеп болған. Консорциум қайраңда (құрлықтың теңізге түйісетін тұсында-еск.) екі ірі канал қазуды жоспарлап отыр, себебі теңіздің таяз болуына байланысты ауыр кемелер мұнай нысандарына бара алмайды.

Ал белсенділер бұл экожүйеге кері әсер ететініне сенімді. Балықтар азайып, климат өзгеріп, жергілікті тұрғындардың денсаулығына зиян келеді.

Мамандар түпті тереңдету жұмыстары Каспийдің солтүстік-шығысының экожүйесін толығымен жойып жіберетініне сенімді. Эколог Галина Чернованың сөзінше, бекіре тұқымдас балықтардың 90 пайызы су қоймасының осы бөлігінде.

«Олар зиян келетінімен келісіп отыр. Бекіре тұқымдас балықтардың аналығы жойылып, біз кем дегенде 54 тонна қара уылдырықты жоғалтамыз. Жоба барып тұрған абсурд. Олар біздің өмір сүру кеңістігімізді бұзады және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне кері әсер етеді. Біз бұл жобаны зиян және қауіпті деп тануды талап етеміз!», — дейді Қазақстанның ҮЕҰ экофорумы үйлестіру кеңесінің мүшесі.

Қазақстандықтар түпті тереңдету жұмыстарын тоқтату туралы петиция шығарды. Петицияға қол қойған 15 мыңға жуық адам су қоймасының солтүстік-шығыс бөлігіне ерекше қорғалатын табиғи аумақ ретінде тануды және түбін құрғатуға және тереңдетуге мораторий енгізуді сұрайды.

«Бір арнаның ені 80 метрден 115 метрге дейін жетеді. 18,5 миллион текше метр топырақ алынады. Жер көтерілетін аймақ — 29 миллион шаршы метр. Тереңдетілген жағдайда балықтар жойылады», — делінген петиция мәтінінде.

Алайда, Экология министрлігі ұзақ үнсіздіктен кейін бұл жоба қоғамдық тыңдауларда талқыланғанын мәлімдеді. Оң қорытынды, ескертулермен бірге, ведомстводан тыс кешенді сараптама жасалған. Жалпы консорциум барлық келтірілген залалды өтеуге дайын.

«Арна құрылысы барысында балық ресурстарына келтірілетін зиянға келетін болсақ, жоспарланған жұмыстарды жүргізу кезінде жобамен (NCOC) теңіз экожүйесін сақтау және қоршаған ортаға әсерін төмендету үшін табиғатты қорғау шараларының кешені қарастырылғаны құжатталған», — деп мәлімдеді экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов.

Бірақ табиғат қорғаушылары Каспий теңізі мәселесіне сырттан сарапшылар тарту қажетін айтады.

«Меніңше, бұл жобаның тиімділігі негізделетін ғылыми консилиум құру қажет. Ол экологияға қаншалықты өзгерістер енгізе алады», — деді Kаz ECO PATROL қоғамдық қозғалысының жетекшісі Тимур Елеусізов.

Ал қазақстандық шенеуніктер экологиядан теңіздің таяздануы табиғи құбылыс екенін айтады. 20 ғасырда оның деңгейі өзгеріпті-мыс.

Алайда, жергілікті тұрғындар мұндай мәлімдемеге сенбейтіндерін айтады.

«Бізге бұрын ештеңе болмайды деп айтатын. Содан кейін итбалықтар өлді, бекіре жоғалып кетті, теңіз тартылды. Жас кезімде Дамба ауылында балық аулайтынмын. 2006 жылдан бастап су жағадан 20 шақырымға тартылып кеткен. Егер арна қазылса, балық уылдырық шашуға Оралға түспей ме деп қорқамын. Сондықтан біз оған қарсымыз. Біздің ауданда қызыл балық 20 жылдан кейін мүлдем жоғалып кетті. Егер бұл арна салынса, тірі ештеңе қалмайды», — дейді тұрғындар.

Неміс ғалымдарының пікірінше, 2100 жылға қарай Каспий теңізіндегі су деңгейі 18 метрге төмендейді. Ал оның аумағы үштен бірге қысқарады. Егер бұл болжамдар орындалса, Каспий Арал теңізінің тағдырын қайталауы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы ең ұзын көпірдің құрылысы басталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысының капсуласын салу рәсімі өтті, деп хабарлайды ADYM.KZ...

Алматыда «қызыл» мәртебесі бар тұрғынға кинотеатрға барғаны үшін айыппұл салынды

Алматыда "қызыл" мәртебесі бар тұрғынға кинотеатрға барғаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы қалалық эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері мәлім етті, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz...

Қазақстан QazVac вакцинасын гуманитарлық көмек ретінде ұсынуға дайын – Тоқаев

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам ынтымақтастығы ұйымының (ИЫҰ) ғылым және технология жөніндегі екінші саммитінде айтты, деп хабарлайды, ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. Президент Қазақстанның коронавирус...

Шымкент әкімі Израильдік компания өкілдерімен кездесті

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Матзер Пласс» израильдік компания өкілі Шмуль Шчупакпен кездесті. Бас қосуда тараптар екі ел ынтымақтастығын нығайта отырып, елімізде тамшылап суару...

Түркістанда «Түрленген, гүлденген Түркістан» атты аламан айтыс басталды

Түркістанда республикалық деңгейдегі «Түрленген, гүлденген Түркістан» атты аламан айтыс басталды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Түркістан облысының құрылуына 3 жыл толуына орай қолға...

Алматыда заңсыз жүрген өзбекстандықтар ұсталды

Алматыдағы құрылыс алаңында Өзбекстаннан келген 30-дан астам гастарбайтер ұсталды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. Көрші мемлекеттен келген мигранттар қаланың Алатау ауданындағы құрылыс алаңында...

Түркістан облысында ет сатушы 147 тұрғынның атынан несие рәсімдеген

Түркістан облысында тұрғын 147 адамға онлайн-несие рәсімдеді, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Түркістан облысы полиция департаментіне несие рәсімдеу кезіндегі күдікті әрекеттерді байқап,...

Қазақстандағы орташа зейнетақы аталды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстандағы орташа зейнетақыны атады, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап. 2021 жылдың қаңтар-мамырында...

Өмірзақ Шөкеев жол қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды

Жыл басынан бері орын алған жол көлік оқиғаларының саны былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 35%-ға, жарақат алғандар 18%-ға, қаза болғандардың саны 38 пайызға төмендеген....