Павлодарда жоғары шенді шенеунік ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді, — деп хабарлайды ADYM.KZ «Астана» сайтына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, әңгіме өңірдің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары туралы. Әзірге күдіктінің аты-жөні айтылмаған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері шенеунік кәсіпкерден 15 миллион теңге алғанын айтады.
«Ол кәсіпкерлерден мемлекеттік сатып алуларды өткізу, тауарларды жеткізуге мәмілелер жасасу және орындалған жұмыстар актілеріне қол қою кезінде олардың компанияларының мүдделерін қолдағаны үшін 15 миллион теңге мөлшерінде ақшалай сыйақыны заңсыз алды деген күдікке ілінді», — дейді ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Ернар Баянғазин.