Ақмолада полицейлер өгей әкесін аяусыз соққыға жыққан ер адамды ұстады, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, күдікті анасына қонаққа келіп алкогольдік ішімдік ішкен. Содан соң өгей әкесіне деген бұрынғы реніші есіне түсіп, ағаш орындықпен жәбірленушіні жарақаттаған.
32 жастағы ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігі «Денсаулыққа қасақана зиян келтіру» бойынша айып тағылды, тергеу амалдары жалғасуда.