#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

«Шымкент жүрек орталығы» АҚ басқарма төрағасы тағайындалды

“Шымкент жүрек орталығы” АҚ-ның басқарма төрағасы болып жоғары санатты дәрігер-кардиохирург Дархан Сүйгенбаев тағайындалды.

“Шымкент жүрек орталығы” АҚ-ның басқарма төрағасы болып жоғары санатты дәрігер-кардиохирург Дархан Сүйгенбаев тағайындалды.
Дархан Жорабекұлы 1983 жылы Көкшетау қаласында дәрігерлер отбасында дүниеге келген. 2006 жылы Астана қаласындағы Қазақ мемлекеттік медициналық академиясын «жалпы медицина» мамандығы бойынша бітірген. 2006-2007 жж. Астана қаласындағы «1-ші қалалық ауруханасы» МҚКК-ң негізінде Қазақ мемлекеттік медициналық академиясында интернатурадан өтті. 01.08.2007 ж. Астана қаласындағы «1-ші қалалық ауруханасы» МҚКК-не дәрігер-хирург лауазымына қабылданды.
2007-2009 жж. «Болашақ» халықаралық президенттік бағдарламасы аясында Ресей, Мәскеу қ. А.Н.Бакулев атындағы жүрек-қан тамырлары хирургиясы ғылыми орталығында «Жүрек-қан тамырлары хирургиясы» мамандығы бойынша клиникалық ординатураны бітірді. 2010 жылдың қаңтар айынан бастап 2011 жылдың шілде айына дейін Ұлттық ғылыми медициналық орталықта дәрігер-кардиохирург жұмысын атқарды. 2011-2021 жж. «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» АҚ-ң 1 кардиохирургия бөлімшесінде дәрігер-кардиохирург лауазымын атқарған.
2017 жылы Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің магистратурасын бітірген.

Соңғы жаңалықтар