#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

ПТР анықтамасыз келген Өзбекстан азаматы еліне депортацияланды

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 25 сәуірде елге халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат таратты.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 25 сәуірде елге халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат таратты, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. 

Кеше Қазақстанға АҚШ, Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 27 халықаралық әуе рейсі келді.

Өткен тәулікте 4 307 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 16 рейс, 2 590 жолаушы;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 1 140 жолаушы;

Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 311 жолаушы;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 153 жолаушы;

Түркістан қаласының әуежайына – 1 рейс, 113 жолаушы.

Сонымен қатар 25 сәуірде Ташкент–Нұр-Сұлтан авиарейсімен ПТР анықтамасыз ұшып келген Өзбекстан азаматы Нұр-Сұлтан қаласының әуежайынан депортацияланды.

Соңғы жаңалықтар