Елордада эпидемиялық жағдай тұрақсыз күйінде қалып отыр. Дәрігерлер оның негізгі себебін тұрғындардың карантин талаптарын сақтамауымен байланыстырады, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.
Алдыңғы аптамен салыстырғанда (2923) бір аптада сырқаттанушылықтың (3471) 1,2 есе немесе 19%-ға өсуі байқалады.
Сырқаттанушылықтың ең жоғары деңгейі ересектер арасында тіркеледі, яғни барлық сырқаттанғандардың 79,6%-ын құрайды, ал балалар 17,6%-ды, жасөспірімдер 2,8%-ды құрайды.
Коронавирустық инфекцияны тіркеудің және оның өсуінің негізгі себебі тұрғындардың карантиндік шараларды сақтамауынан болып отыр.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда 1 ақпаннан бастап COVID-19-ға қарсы вакцинация басталды. Вакцинация — коронавирустық инфекцияға қарсы тұрудың жалғыз әдісі. Өмірдің қалыпты жағдайына оралу үшін вируспен тиімді күресудің кезеңінен өту керек.
Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қала тұрғындарын аталған шараларға түсіністікпен қарауға және шыдамдылық танытуға шақырады. Карантин режимін бұзудың салдары коронавирус құрбандарының санын арттыруы мүмкін. Негізгі қауіп тобына созылмалы аурулары бар адамдар және аға буын өкілдері жатады. Пандемия кезінде әлеуметтік қашықтық және вакцинация өте маңызды екенін ұмытпаңыз.