#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қоқыс үйіндісінен Елтаңба мен прокуратура тақтайшасы табылды

Павлодар облысындағы ауылдардың біріндегі қоқыс үйіндісінен Елтаңба мен прокуратура тақтайшасы табылды.

Павлодар облысындағы ауылдардың біріндегі қоқыс үйіндісінен Елтаңба мен прокуратура тақтайшасы табылды. Құзырлы органдар мемлекеттік символ қоқыс үйіндісінде қалай пайда болғанын анықтап жатыр, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Instagram желісінде жарияланған видеода Ақтоғай ауданының прокуратурасының тақтайшасы жатқаны көрсетілген. Оның жанында екі Елтаңба жатыр, оның бірі сынып қалған, ал екіншісі бүтін.

Видео пайда болғаннан кейін табылған затты Павлодар облысының прокуратурасы зерттей бастады. Ведомство өкілдері бұл дерек тексеріліп жатқанын хабарлады.

«Облыстық прокуратура қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, ақпараттың таралу арнасы материалы аясында полиция тексеруді бастады. Мән-жайлар анықталып жатыр», — деді құзіретті орган өкілдері.

Ақтоғай ауданы әкімдігінің мәліметінше, қоқыс үйіндісі Ақтоғай ауылының орталығынан екі шақырым жерде орналасқан.

Сонымен қатар, Павлодар облысының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік рәміздерге мұндай көзқарас жол берілмейтінін хабарлады.

Соңғы жаңалықтар