#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Алматылықтар тұрғын үй ауласындағы қонақүй құрлысына қарсы шықты

Әлеуметтік желілерде алматылықтардың қала билігіне Нұрмақов-Қабанбай батыр көшесіндегі тұрғын үй ауласында салынып жатқан қонақүй құрылысын тоқтату туралы жазған өтініші пайда болды.

Әлеуметтік желілерде алматылықтардың қала билігіне Нұрмақов-Қабанбай батыр көшесіндегі тұрғын үй ауласында салынып жатқан қонақүй құрылысын тоқтату туралы жазған өтініші пайда болды. Олардың айтуынша, құрылыстың ауқымды болуына байланысты аулаға құрылыс техникасы сыймайды және жол жабылған. Әкімдікте жағдайға қатысты түсініктеме берді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде құрылыс техникасын көтерген кранның суреті таралды. Кадрды жергілікті тұрғындар жариялады.

«Ауыр техниканы кранмен көтеріп, тасмалдап жатыр. Астында адамдар, тұрақта көліктер тұр. Оның үстіне крандағы адам оны көріп тұрған жоқ. Ғимарат алдын жауып тұр», — делінген жазба сипаттамасында.

Тұрғындардың айтуынша, құрылыс жұмыстары адамдарға қауіп төндіреді.

Сонымен қатар, адамдар қонақүй Sirius тұрғын үй кешеніне тым жақын жерге салынып жатқанын айтты.

«Тұрғын үй кешенінен 13 метр жерде 13 қабатты қонақүй салынып жатыр. Олардың бізге құрметі жоқ. Тектоникалық жарықтар пайда болған қалада өмір сүру өте қорқынышты, ал ақша барлық мәселені шешеді», — дейді алматылықтар.

Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы «Алатау Инвест» ЖШС инвесторы қонақүй құрылысын жүргізіп жатқанын хабарлады.

«Бұл аумақта «Алатау Инвест» ЖШС инвесторы қонақүй құрылысын жүргізіп жатыр. Қонақүй құрылысына жоба алдындағы құжаттама 2014 жылы берілген. Қазіргі уақытта Нұрмақов көшесіндегі №81 үйдің ауласына іргелес орналасқан қонақүйдің соңғы блогының құрылысы тоқтатылды», — деді ведомство өкілі.

Бұған дейін Алматы қаласы Медеу ауданының тұрғындары Әл-Фараби даңғылындағы Самал-2 шағын ауданында құрылыс салуға наразылық білдіргені хабарланған еді.

Соңғы жаңалықтар