#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

«СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысына қатысты іс прокуратураға жіберілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "СҚ-Фармация" басқармасының бұрынғы төрағасына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеуді аяқтады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «СҚ-Фармация» басқармасының бұрынғы төрағасына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеуді аяқтады. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аса маңызды істері жөніндегі тергеуші Данияр Биғайдаров мәлімдеді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «СҚ-Фармация» басқармасының бұрынғы төрағасына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеуді аяқтады және іс ҚІЖК-нің 300-бабы тәртібінде айыптау актісімен прокуратураға жіберілді. Өкінішке қарай басқа ақпаратты ҚІЖК-нің 201-бабы аясында жариялай алмаймын», — деді Биғайдаров брифингте.

2021 жылдың қаңтарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Алик Шпекбаев компанияның бұрынғы басшысының ісі «жақын арада сотқа жіберілетінін» хабарлады.

«СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысы Берік Шәріптің ұсталғаны 2020 жылғы тамызда белгілі болды.

Берік Шәріп тегін медициналық көмек көлемін қамтамасыз ету үшін дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу жөніндегі дистрибьютор-компаниясының басшылығына 2020 жылғы 21 сәуірде келген.
2020 жылғы 10 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін қызметінен босатылған еді.

Соңғы жаңалықтар