Matchroom Boxing Президенті Эдди Хирн өзінің промоушнінен UFС аралас жекпе-жегі сынды мықты және танымал бренд жасамақшы, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.
– Біз – ғаламдық күшпіз. Ешкім біз жасап жатқан дүниеге қол сұқпайды, ғаламдық масштабта сонша қаражат төлемейді. Біз «бокcтегі UFC» болуды көздеп отырмыз – бұл тек уақыттың еншісінде, – деп мәлімдеді Хирн.
Еске сала кетейік, Эдди Хирн – Геннадий Головкиннің промоутері. Қазіргі кезде 38 жасар қазақстандық – IBF және IBO бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. Головкинге тоқталар болсақ, оның шаршы алаңға қайтып оралу уақыты белгісіз.