#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қазақстанда 267 мың адам зейнетақы жинағын баспанаға жұмсауға ниетті

Инвестициялық портфельді басқарушыларға аударуға 1 062 өтініш келіп түсті.

БЖЗҚ-ға уәкілетті операторлардан тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға 267 759 өтініш, емделуге 4 263 өтініш келіп түсті, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.

Инвестициялық портфельді басқарушыларға аударуға 1 062 өтініш келіп түсті.

Өтінімдердің қабылданбауының себептері:
1.    Сомалар дұрыс көрсетілмеген, оның ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы артық көрсетілген.
2.    Жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу тәсілін таңдау кезінде алуға сұраныс жасалатын сомалар дұрыс көрсетілмеген.
3.    Салымшылар алуға болатын сома шегінде емес, зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын көрсетті.
4.    Өтінімде өзекті емес сомалар көрсетілген, яғни салымшылар инвестициялық табыстың нарықтық ауытқуына байланысты зейнетақы жинақтары сомасындағы өзгерістерді ескермеген.
5.    «БЖЗҚ» АҚ деректер базасында жеке зейнетақы шоттары және тиісінше зейнетақы жинақтары жоқ тұлғалардан да өтінімдер түскен.
6.    Салымшылар қайталайтын өтінімдер берген.

Соңғы жаңалықтар