Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды ADYM.KZ Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Файтердің менеджері Саят Әбдірахмановтың айтуынша, Жұмағұлов 10 шілдеге жоспарланған UFC 264 турнирі аясында өнер көрсетеді. Қазақстандықтың қарсыласы да белгілі, бірақ оның есімі әзірге хабарланбайды.
Сонымен қатар, әйгілі спорт шолушысы Ариэль Хельвани UFC 264 турнирінің басты оқиғасы Конор МакГрегор мен Дастин Порьенің үшінші жекпе-жегі болуы мүмкін екенін айтты.
32 жастағы қазақ спортшы 2020 жылдың 11 шілдесінде UFC промоушенінде бірінші рет жұдырықтасып, бразилиялық Раулиан Пайваға есе жіберген. Кейін 23 қаңтарда Жалғас швециялық Алмир Альбазиден жеңілді. Оның аралас жекпе-жектегі рекорды — 13 жеңіс және бес жеңіліс.