#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Министр Қазақстанның мемлекеттік қарызы туралы айтты

Қазақстанның мемлекеттік қарызы ЖІӨ-нің 30 пайызына тең.

Қазақстанның мемлекеттік қарызы ЖІӨ-нің 30 пайызына тең. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап. 

«Мемлекеттік қарызға байланысты мәселе біздің ерекше бақылауымызда. Бүгінгі таңда мемлекеттік қарыз деңгейі ЖІӨ-нің шамамен 30 пайызына тең. Айта кетейін, рейтинг агенттіктерінің үлкен үштігі еліміздің фискалдық-бюджеттік саясатының тұрақтылығын бағалап, мемлекеттік қарыз деңгейі төмен екенін атап өтті.

Еуроодақ елдерімен салыстыратын болсақ, оларда қарыз деңгейі шамамен 80 пайыз, ал ЭЫДҰ елдерінде орташа алғанда шамамен 100 пайыз», — деп жауап берді Ерғалиев.

Ол қарызды ұстауға шамамен 900 миллиард теңге бөлінгенін де айтты.

Соңғы жаңалықтар