#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкент жемқорлықпен күресте үлгілі қаланың біріне айналды

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігі жанындағы Арнайы мониторингтік топтың республикалық жиыны бейнебаланыс арқылы өз жұмысын бастады.

Осыған орай келелі кеңеске Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департамент бастығының бірінші орынбасары Талғар Серікбаев, Арнайы мониторингтік топ жетекшісі Әсет Әссанди, топ мүшелері Балтабек Түйетаев, Ерсұлтан Әмірбек, Әбен Мүталиев қатысты.

Алқалы жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі жанындағы Арнайы мониторингтік топ жетекшісі Айгүл Соловьева төрағалық етіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзекті мәселелерді талқыға салды. Сондай-ақ, республика көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде жан-жақты баяндады.

Өзара ортақ ой алмасқан онлайн жиында Шымкент қаласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жанынан құрылған арнайы моринтонгтік топтың атқарған жұмысына жоғары баға беріліп, үлгілі өңір деген алқауға ие болды.

Соңғы жаңалықтар