#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қазақстанда полицейлердің зейнетке шығу жасын көтеру жоспарланды

Қазақстанда полиция қызметкерлеріне зейнетке шығу жасын көтеру жоспарланды.

Қазақстанда полиция қызметкерлеріне зейнетке шығу жасын көтеру жоспарланды. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері өте тәжірибелі, кәсіби шеберлігі жоғары. Соған қарамастан 45-55 жасында зейнетке шығып, жұмыстан кетуге мәжбүр. Кейін олар әртүрлі коммерциялық құрылымда жұмыс істейді. Біз бұл мәселені көтеріп жатырмыз және зейнетке шығу жасын да қарастырамыз», — деді Тұрғымбаев Үкімет сағатында.

Оның айтуынша, майор шеніндегі қызметкерлерге зейнеткерлік жасты 52 жасқа дейін көтеру жоспарланған. Подполковниктер үшін — 55 жас, полковниктер үшін — 58 жас, жоғары басшылық құрам үшін — 63 жасқа дейін.

«Біз әлі де жобаны талқылап жатырмыз. Басқа елдерде зейнет жасы басқаша. Мысалы, Ресейде — 60 жас, Жапония, Германияда — 65 жас. Біз бұл мәселені де қарастырамыз», — деді ол.

Соңғы жаңалықтар