#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

СҚО-да мемлекетаралық іздеуде жүрген рецидивисті ұстады

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер мемлекетаралық іздеуде жүрген рецидивисті ұстады.

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер мемлекетаралық іздеуде жүрген рецидивисті ұстады, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап.

Қостанай облысының 39 жастағы тұрғыны тонау әрекеті үшін сотталып, оған бас бостандығын шектеу жазасы кесілген. Сотталушы жазасын өтемей, ізін суытқан. Ақпан соңында оған Рудный қаласының полиция бөлімі мемлекетаралық іздеу жариялады.

Қылмыскер Петропавл қаласынан болғандықтан Солтүстік Қазақстан полицейлері қылмыскердің жүруі мүмкін жерлерді тексерді. Жедел-іздестіру шаралары барысында сотталушының жүрген жері анықталды. Ер адам танысының үйінде жасырынған. Қазіргі уақытта қылмыскер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Іздеудегі адам түрлі қылмыс жасап, бірнеше рет істі болған. ҚР ҚК-ның 44-бабы «Бас бостандығын шектеу» жазасына ауыстырылады», — деді СҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров.

Жыл басынан бері өңірде төрт қылмыскерге іздеу жарияланып, оның екеуі ұсталған. Криминалдық полиция қызметкерлері Қазақстан өңірлерінен және Ресей аумағынан үш қылмыскерді ұстады.

Соңғы жаңалықтар