Нұр-Сұлтан орталығындағы әкімшілік ғимараттан шыққан түтінге байланысты 200-ге жуық адам эвакуацияланды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Елордалық ТЖД баспасөз қызметі мәліметіне сүйенсек, сағат 13.30-да Қабанбай батыр 17 мекенжайынан шұғыл шақырту түскен. 26 өртсөндіруші мен 5 арнайы техника оқиға болған жерге жіберілді.
«Өртсөндірушілер көлік тұрағындағы электр қалқанда сымдардың тұйықталуы салдарынан қою түтін шыққанын анықтады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртсөндірушілер жеткенге дейін әкімшілік ғимараттан 200-ге жуық адам эвакуацияланды, сондай-ақ бір Audi көлігі қауіпсіз жерге шығарылды», — деп хабарлады ведомство өкілдері.